Әнші Қайрат Нұртас Түркияға гастрольдік сапармен аттанбақ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Ол түрік халқына арнап Құрмаш Махановтың "Аңсарым" әнін орындамақ. Қайрат Нұртас "Гәкку" арнасына берген сұхбатында аталған әнді түрік тілінде орындайтығын әрі бейнебаян түсіретіндігін айтты. Ал бейнебаян сюжетін құпия сақтауды жөн санаған екен. Ал түсірілімдер жақын арада басталуы тиіс.
"Құдай қаласа, шет мемлекетке, Түркияға сапарға шығамын. Сонда өз өнерімді көрсетемін, паш етемін деген ойым бар. Әнші Құрмаш Маханов ағамыздың "Аңсарым" атты әнін түрік тіліне аударып, орындап шығамын және түрікше бейнебаян түсірмекшімін. Бейнебаянның сюжеті дайын, оны айтуға болмайды. Құпия", – дейді әнші өзінің сұхбатында.
Пікір қалдыру