Бүгін Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жекке 30 күн қалғанда ұйымдастырылатын алдын ала салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлады BoxingNews24.com.
Нәтиже мынадай: Геннадий Головкиннің салмағы 78,02 келіні, ал Мюррейдің салмағы 76,66 келіні құрады.
Ескере кететін тағы бір жайт,егер осы жекпе-жекте біздің Гена қарсыласын нокаутпен ұтса, нокаут саны бойынша Бокстың атасы Майк Тайсонның ерлігін қайталауы мүмкін! Бұл жекпе-жек 21 ақпанда Монте-Карлода өтеді. Тікелей көрсетілімді отандық арналар қамтамасыз етеді.
Назерке Тоғжанова
"Қамшы"сілтейді
Пікір қалдыру