Вице-министр қыста көкөністердің қымбаттау себебін түсіндірді

/uploads/thumbnail/20180108153416230_small.jpg

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Нұржан Әлтаев қысқы уақытта көкөністердің қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Әлтаевтың өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

«Біріншіден, Ауыл шауашылығы министрлігінің басты міндеті сауда саласындағы бағаны реттеу емес, ауыл шаруашылығын дамыту.

Экзотикалық елдермен салыстырғанда біз егін өсіруге көбірек шығындаламыз. Ондай елдерде қыс мезгілі болмайды, бұл да құнға әсер етеді. Оның үстіне, бізде көкөністерді маусымаралық жылыжайларда өсіреді, бұл да шығын. Қысқы уақытта көкөністердің қымбаттауы, өкінішке орай, дәстүрге айналып кетті», - деді вице-министр.

Нұржан Әлтаевтың айтуынша, елдегі көкөніс бағаларының қымбаттауына Ресейдегі жоғары баға да ықпал етеді.

«Министрлік қысқы уақытта көкөніспен қамтамасыз ету шараларына айтарлықтай көңіл бөледі.   Тағы да қайталап айтамын, біз бағаны бақыламаймыз. Біз тек өнімге әсер ете аламыз», - деді Әлтаев.

Сонымен қатар халықты көкөніспен қамтамасыз ету бойынша министрліктің атқарып жатқан шараларын атап өтті. Ең алдымен бұл жаңа жылыжай шаруашылықтарын құруға қолдау көрсету және т.б.

Қатысты Мақалалар