Шымкент өңірі су астында қалды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Айналдырған бір-екі күннің ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының  Сарыағаш, Шардара, Ордабасы аудандарының бірнеше ауылдары су астында қалды. Сондай-ақ, Созақ ауданында қатты соққан дауылдан электр бағаналары құлап, әкімшілік ғимараттары мен тұрғын үйлердің шатыры ұшып, талайы қираған. Облыс орталығынан аттанған арнайы топ, дәл қазір Созақтағы Таукент қалашығында. Мұнда тұрғындардың 90 пайызы қақаған қыста шатырсыз қалған.  Аудан бойынша жарық, көгілдір отын, ауыз су, не жылу жоқ. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарға келген арнайы комиссия мүшелері,  шығын көлемін есептеп әлек.

31 арна

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар