Ақ жағалылар ат ауыстырды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Біздің қазақ жолсапарға шыққанда қос ат парлап немесе шені мен шекпеніне қарай аттарын ауыстырып мініп жататын. Бірінің аты болдырса бірінікін мініп дегендей...  Сол ата дәстүрімізді ақ жағалыларымыз әлі жалғастырып келеді.

Кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен М.Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды; Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болып тағайындалды; Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды.

Мемлекет Басшысының Өкімімен:

Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметіне; Талғат  Амангелдіұлы  Ермегияев  «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар