Әлеуметтік желіде америкалық мектеп оқушысы Кинг Джонсонның «Американы ашқан адам» деген тақырыпта жазған эссесі қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Джонсон өзінің мұғалімін «өтірікші» деп кінәлап отыр, себебі, оның ойынша, Американы теңізші Христофор Колумб емес, үндістер ашқан. «Менің анамның айтуынша, біз мойындайтын жалғыз Христофор – америкалық рэпер Христофор Уоллес», – деп жазған мектеп оқушысы.

Сөз соңында Джон «Қалайша ақ нәсілді адамдар қара нәсілділердің тарихын оқиды?», – деп сұрақ қойыпты. Ал мұғалім Джонсоннан көңілі қалғанын жазса, Джонсон «жақсы» деп жауап берген.

Джонсонның эссесі әлеуметтік желі қолданушыларын таңдандырды, тіпті, кейбірі Джонсонның болашақта президент болуы мүмкін екенін жазған.