Жолдаудың «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» бағыты

/uploads/thumbnail/20180127165258662_small.jpg

Жаңартылатын энергия көздері

 2009 жылы ЖЭК-н қолдау туралы заң қабылданды, 2020 жылға қарай ЖЭК үлесін электр энергиясының өндірісінің жалпы көлемінің 3% -на және 2030-ға 10% -ға жеткізуді көздейтін ЖЭК дамытудың нақты мақсатты индикаторлары қабылданды.

2020 жылға дейінгі мақсатты көрсеткішке біз ЖЭК электр энергиясын сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан инвесторлардың жобаларын іске асыру арқылы қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жалпы белгіленген қуаттылығы 2000 МВт болатын 53 ЖЭК объектілері.

Бүгінгі күні Республикада жалпы қуаты 336 МВт болатын ЖЭК бойынша 55 нысан қолданыста, ал жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыруға инвесторлардың қызығушылығы арта түсуде.

ЖЭК бұдан әрі дамуын аукционды механизмге көшуде көріп тұрмыз. Бұл, бір жағынан, жобаларды және инвесторларды таңдауды ашық және түсінікті етіп жасауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан – ЖЭК қуаттылығын енгізуде соңғы тұтынушылар тарифтеріне әсерін азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді технологиялар мен жобаларын бағалайды, сондай-ақ өндіру кезінде, сондай-ақ беру және тұтыну кезінде нарық қатысушылары жауапкершілігін нақты анықтайды. Бұл жүйе ЖЭК ең экономикалық тиімді жобаларын дамытуға серпін береді. Бірінші халықаралық аукциондық сатылымды осы жылы өткізу жоспарлануда.

Жасыл экономиканың дамуы

2013-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөнінде Іс шара жоспары (2017 жылғы 3 шілде ҚР Үкіметінің қаулысы) өзектендірілді, осыған орай мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жасыл экономика бойынша Ұлттық баяндама әзірленді; БҰҰДБ-мен бірлесіп өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді "жасыл" көрсеткіші әзірленді, оған сәйкес Алматы, Астана қалалары және Жамбыл облыстары үздік нәтиже көрсетті; Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстары ең төмен балл жинады.

Сонымен қатар, ауа атмосферасының жағдайын  жақсарту мақсатында «Жылу электр станцияларының қазандық қондырғыларына отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің екі отырысы өтті.

БҰҰ ЕЭК қолдауымен Қазақстанда стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда.

Технологиялар трансферті бойынша халықаралық бастамаларды ілгерілетуге қатысты өткен жылдың шілде айында алыс және жақын шет елдердің, Қазақстан өңірлерінің 150-ден астам өкілдерінің қатысуымен «Жасыл көпір серіктестік бағдарламасы» V Халықаралық форумы өткізілді. ЖКСБ Хартиясына өткен жылы Польша Республикасының қосылды және ЖКСБ Хартиясына 16-шы қол қойған ел болды. Сонымен қатар, біздің елде өткен іс-шараларға қоса Жасыл көпір серіктестік бағдарламасының даму нәтижелері 2017 жылғы қыркүйекте Бангкок, Тайландта өткен 7-ші Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Азия-Тынық мұхит министрлерінің саммитінде жоғары бағаланды.

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін мұра ретінде «Болашақ энергиясы» жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығын құру жұмысы жалғасуда. Халықаралық ұйымдар тарапының қолдауы бар. Осылайша, 2017 ж. маусымда Энергетика жөніндегі министрлер конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен бес БҰҰ агенттіктерінің (БҰҰДБ, БҰҰ ЕЭК, БҰҰ АТМӘЭК, ЮНЕП, ЮНИДО) арасындағы «Болашақ энергиясы» жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығын құру туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.

 

Парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін 2017 жылы бірқатар нормативті құқықтық актілер қабылданды (Парниктік газдар шығарындыларына квота бөлу қағидалары, Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру қағидалары, Үлестік коэффициенттер тізбесі және т.б.).

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2018 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары бекітілді. Кәсіпорындар үшін квота
2 әдіс бойынша бөлінді: тарихи мәні және парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэфициенттерін қолдану бойынша.

Парниктік газдар шығарындыларына үлесті ккоэффициенттерді қолдану әдісі квоталау объектілері бойынша кәсіпорын қондырғылары арасында бір өнім түріне парниктік газдар шығарындыларының белсенділігіне қарап квоталарды бөлуге негізделеді.

Осы әдісті қолдану кәсіпорындар арасында берілетін квоталарға, тиісінше үлестік көрсеткіштерге бәсекелестік жасауға жәрдемдеседітін болады және кәсіпорындарды парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ынталандыратын болады.

Анықтама:

Ұлттық жоспарға 129 кәсіпорынның 225 қондырғысы енгізілді (электр энергиясы, мұнай-газ, тау-кен, металлургия, химия, өңдеу салаларында). Ұш жылға бөлінген квоталардың жалпы көлемі 485 909 138 бірлікті құрады, қор 35 273 634 бірлікті құрайды.

Климаттың өзгеру мәселесі бүкіл әлемде орталық тақырып болып табылады, өйткені оның әсері елеулі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік ықтимал шығындармен тығыз байланысты. Қазақстан климаттың өзгеруіне қатысты осал елдер қатарына жатқызылған, және осы мәселені шешу басым бағыттардың бірі болып табылады.

Осыны түсіне отырып, министрлікпен климат өзгеруіне бейімделу бойынша сұрақты елдің заңнамасына қосу және  климаттың өзгеруіне ұлттық бейімделу жоспарын әзірлеу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылы біз ҚР Парламентіне Заң жобасын енгізуді жоспарладық, ол бейімдеу шараларын іске асыру үшін нормативтік негізін құруға мүмкіндік береді. 

Осы іс-шаралар халықты жұмыспен қамту сұрақтарына, денсаулық сақтау, жер және су ресурстары, және экономикалық басқа секторларына оң әсерін тигізеді, өйткені климаттың өзгеруіне инфрақұрылым тиісті жағдайына бейімдеуге, сондай-ақ олардың осалдығы экстремалды ауа-райы құбылыстарын азайтуға мүмкіндік береді.

Экологиялық ақпарат және мониторинг

Ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, экологиялық ақпаратқа қол жетімділікті кеңейту мақсатында Министрлікпен бірқатар шаралар пысықталған.

Экологиялық заңнаманы Орхус конвенциясына сәйкестендіру және қоршаған орта және табиғат пайдалану бойынша шешімдер қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық түзетулер қабылданды.

Жыл сайын Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама шығарылып, сайтта орналастырылады.

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі құрылды, ЛШТТ Хаттамасын ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдер жүргізілуде.

2017 жылдан бастап жыл сайын сайттарда ақпарат орналастырылады:

Жергілікті атқарушы органдардың: қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылардан бюджетке түсетін түсімдер туралы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға бюджет шығыстары туралы;

Министрліктің: қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер туралы және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы.

Әкімдіктермен бірлесе өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленуде.

Нысаналы көрсеткіштер Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарында бекітілген, 11 өңір бойынша бұл мақсаттарға қаржы бөлінді, мердігерлер анықталды, зерттеулер жүргізілуде, қалғандарында (Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) 2018 жылы қаржыландыру мәселесі шешілуде.

Нысаналы көрсеткіштер экологиялық проблемаларды шешу және тұрғындардың денсаулығына жағымсыз әсердің алдын алу бойынша басымдықтарды орнатуға мүмкіндік береді.

Ауа райын және агрометеорологиялық жағдайларды болжауды жақсарту үшін, оның ішінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды, Энергетика министрлігімен 2018-2020 жылдарға арналған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның қарауындағы инвестициялық ұсыныс дайындалды («2019-2021 жылдарға  арналған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті дамыту және жаңғырту», жобаның құны – 13 558 608 мың теңге – оның ішінде цифрлық радиолокаторлық бақылау желісін құру, қосымша гидробекеттер, қар өлшегіш бағдарлар ашу, 30 атмосфералық ауаны бақылау автоматты станцияларын сатып алу), 2018 жылы заңнамамен белгіленген тәртіпте оны жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасады.

Қатысты Мақалалар