Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте тірі күйінде табылды

/uploads/thumbnail/20180130183953449_small.jpg

Павлодарда Гагарин көшесіндегі көп қабатты үйдің қасындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақ табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Today.kz мәліметіне сүйеніп. Полиция ақпаратты растады. 

Куәгерлердің сөзінше, сәби көрпеге оралған. 

Көп қабатты үйдің тұрғындары сәбиді басқа ауданның тұрғыны тастап кеткен деген пікірде. 

Баланың өмірге келгеніне жеті күн болған, оған бірінші деңгейлі үсу диагнозы қойылды. 

Қазір ол Павлодардағы перинаталды орталықта жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар