Ғалымдар Өскемен қаласындағы қоршаған орта жағдайына баға беру үшін қала тұрғындарының шашын зерттеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ресейдегі Томск мемлекеттік университеті сайтының дерегіне сүйеніп.
Талдау нәтижелері бойынша, өскемендіктердің шашында жоғары мөлшерде титан концентраты, қорғасын және бірнеше ауыр металдардың түрлері бар екені анықталған.
Аталған университетте жасалған зерттеуге химия факультеті қызметкерлерінің авторлық әдістемелері қолданылған.
«Біздің зерттеу 18-70 жас аралығындағы әйел және ер азаматтардың шаштарына жасалды. Шаштың құрамы адамға әсер ететін жоғары мөлшердегі химиялық элементтердің қоспаларын жақсы көрсетеді. Талдау нәтижелері қала тұрғындарының шашынан титан, алюминий, марганец, литий, кальций және барий элементтерін көрсетті», - дейді ғалым Владимир Отмахов.
Пікір қалдыру