«Алматы облысының атқарушы органдары аймақты көмірмен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауы қажет», – деді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
– Біз көмір тапшылығына қатысты мәселеден хабардармыз. Әкімдікпен жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр штаб құрылды. Оны менің орынбасарым басқарады. Аталмыш мәселені бақылауда ұстап отырмыз. 16 мың тонна көмір Алматыға және Алматы облысына жіберілді, – деді Бозымбаев.
Министр «көмір шетелге жөнелтілгендіктен тапшылық болды» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Пікір қалдыру