Ердоған Назарбаевты Анкараға шақырды

/uploads/thumbnail/20180131191733219_small.jpg
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
 
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалды талқылады.

Екі ел көшбасшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кезекті саммиті жөнінде пікір алмасты.

Р. Ердоған  Н. Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Анкараға шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Қатысты Мақалалар