Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметіне Ерлан Қайыров тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170822103531966_small.jpg

Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметіне Ерлан Қартайұлы Қайыров тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ерлан Қайыров 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — халықаралық экономикалық қатынастар.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. 1997–2002 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарды атқарған. 2002–2006 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2006–2011 жылдары ұлттық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарған. 2011–2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде басқарушылық қызметтерді атқарған. 2014–2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы болған. 

2016 жылдың мамырынан қазіргі таңға дейін инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған. 

Қатысты Мақалалар