29 қаңтар күні Алматы облысына қарасты Қызылту елді-мекені мен Кұлжа күре жолының маңайында Алматы-Көкшетау бағытында жолаушы тасымалдайтын ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ тиесілі SCAT әуекомпаниясының баспасөз хатшылығы бортта болған 15 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қаза тапқанын айтады. Сондай-ақ, ұшақ қонуға бет алғанда қолайсыз ауа-райының әсерінен жерге соғылып, құлаған деген болжам бар. Нақты деректер ұшақты тексерістен өткізген соң белгілі болмақ. Бейресми мәліметтерге қарағанда, Алматы әуежайы қонуға рұқсат бермеген. Ал ТЖ Министрлігінің баспасөз қызметі: «Қазір ұшақ экипаж мүшелері мен жолаушылар туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жетел құтқарушы тобы келді", - дейді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын, үстіміздегі жылдың 25
желтоқсанындаШымкент қаласының маңындағы әуе апаты болып, 27 адам қаза тапқан еді. Елімізде ұшақ апаты осы қыста үшінші рет қайталанып отыр. Сурет
http://www.azattyq.orgсайтынан
Пікір қалдыру