Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркілі мұнайдың бағасы маусымдағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 1,56 долларға төмендеп, баррелі 73,13 доллар болған. WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,32 долларға төмендеп, баррелі 67,25 доллар болды.