Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Кореямен бейбіт келісімге келген жағдайда, америкалық әскердің елден шығарылуы керек деген келісімді жоққа шығарды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
"Кореядағы АҚШ әскері екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастың белгісі, ешқандай бейбіт келісімшартқа қатысты емес",-дейді президент әкімшілігінің ресми өкілі Ким Ый Гем.
Кореяда 28 мыңдай америкалық әскерилердің орналасу мәселесі Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері арасында өткен саммиттен кейін қызу талқылануда.