Қазағым, ұлы дала өр елім, Жүрегінен жыр арнады өренің. Сен дегенде алпыс екі тамырым, Жанға сыймай мазалайды жүрегін. Асыл биім, жыршы, жырау, шешешім, Тарқатқан ғой өлең жырмен мұң шерін. Жүректен жыр, сезімнен сыр ұшырып, Бабалардың ойып жазам өрнегін. Тарих төрі кешегі өткен күндерің, Аңыз бүгін алыстан жеткен үндерің. Сол аңызды тірілтемін ұрпаққа, Мен жыршымын, құдіретті мен жырмын. Қазағым көрді тағдыр азабын, Қанын төкті қайран баба алашым. Өр намысын биік ұстап көтерген, Дархан елім, қасиетті ғажабым. Болат пенен Барақтардың ұрпағы, Қазағымның қалықпан құс қыраны. Ұлы ханым Керей менен Жәнібек, Жаны қазақ «алаш» болды ұраны. Биік самғап, Шу жағалап ту тікті, Аңсаған жұрт бостандық пен елдікті. Тағдыры бір, мақсаты бір ұлы елім, Бір шаңырақ шеңберіне бірікті. Хәм бәйтерек тамыр жайып гүлденді, Өткізіп талай қиян-кескі күндерді. - Ұлы еліме жіберіп небір дүмшеңді, Ей зұлымдық, жаппа қара пердеңді! Әз елімнің хас ерлері күресті, Ат үстінде ғадауат қылып күн кешті. Қазағымның ұлылығын жырлаған, Жүрегімнен том-том болған жырды есті. Қайран соғыс қалдырды құр сілдеңді, Қара перде тұмшалап кетіп ертеңді. Ей алашым ұрандатар күн туды! Ашшы қане жұмулы қалған күлтеңді. Бес жүз елу жыл өтіпті арада, Асыр салып өткеннің ізі санамда. Қамалып жатыр қыран ойым ұша алмай, Құлпы берік тарих салған қамалда. Уа алашым, құтты болсын елдігің, Тарқамасын, бұзылмасын бірлігің. Мақтанамын алашым деп ұрандап, Ұрпағымын қазақ деген ұлы елдің! Бейсенғазиев Нұрдәулет
Пікір қалдыру