Оразбек Сапархан. БЕКЗАТ БОЛМЫСЫМ – БЕКЗАДА ТЕКТІЛІК

/uploads/thumbnail/20170708171008329_small.jpg
"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне 

 

ҚАЙДАСЫҢ, БЕКЗАТ БОЛМЫСЫМ

  Ұйтқи соғып АРҚАДА ЖЕЛ АЗЫНАП, Алай-дүлей, Сар даланың сазын ап. ҚҰТЫРЫНЫП ЕСІРЕДІ БОЗ-БОРАН, ТӨЛҚҰЖАТҚА ҚЫСТЫҢ АТЫН ЖАЗЫП АП...   Жатса-дағы суық қарып, ЖАН ҰЛЫП, Өту керек заңдылыққа бағынып... ...АЯЗ КЕТІП БАРА ЖАТЫР ДОЛДАНЫП, Әттең, әттең, ҚЫСТЫҢ АТЫН ЖАМЫЛЫП...   Ақылманның сырт көрнісін мүрит қып, Бұрқасын да жасап жатыр бір иттік. Сумақы жел қолын салып Арқаға, МЫНАУ ЕЛДІҢ ЖҮРЕГІНДЕ ЖҮР ҰЙТҚЫП...   Бірде Батыс... Бірде Шығыс... Бетке алып, БҰЗЫЛДЫ ҒОЙ БІЗДЕРДЕГІ КӨП ҚАЛЫП... Арландар да бара жатыр жымығып, Арқарлар да Арқа жақтан кетті ауып.   АЗАТ ЕЛДІҢ ТҮТІНІН ТІК ҰШЫРМАЙ, ШАЛҚЫТАСЫҢ ӘР ТАРАПҚА, Қысылмай. «Өз түтінін иіскемеген»,-деп қартым, Күңкілдейді ұрпағына тұщынбай...   Тағдырына ӨКПЕ-НАЗЫ телегей, ДІР-ДІР ЕТІП, Адамдар жүр шөрегей. ЕРЛІК ПЕНЕН ЕРМЕН СІҢГЕН ҚАНЫНА, ЖАЛБЫР ТОНДЫ БАБАМ ӨТКЕН, ...ЕЛЕМЕЙ.   БІРІ – ҚЫЗЫЛ, БІРІ – САРЫ, БІРІ – КӨК, Мына ұрпақтың БҮРСЕҢДЕЙТІН күні көп. БОРАН АЙДАП, Қасқаярға қаймығып, Кетіп барад, Жүрегінің түгі жоқ...   Ызғары бар, қалай оның жаны аңдар?! САНАСЫНДА ТОҚТАМАЙТЫН БОРАНДАР... Кетіп бара жатыр әне МӘЗ БОЛЫП, Жүрегіне тоң көтерген АДАМДАР.   Аязға да, Боранға да шеп құрып, Санасында қарсы жойқын от жүріп, Өз далаңды өзің биле, Қайдасың, Бекзат болмыс, Ей, бекзада ТЕКТІЛІК!  

ТІРШІЛІК

  Тегім – нәжіс, Мен – әлсіз. Бағым ба екен, Күліппін... Ұлы сыйдан хабарсыз, «Мені» мен деп жүріппін.   Беу, өмірім, тапал

[1]

-ақ. Қайда зулап барасың?! Тіршілік деп атап ап, Екі әлемнің арасын.   Топырақтан жаралғам, Топырақша гүл өнбей. Арыла алмай жарамнан, Жер қойнына кірем бе, ей?!   Басталуы, соңы бар, Асып-толдық бекер БІЗ. АҚИҚАТЫ ОҚЫЛАР, БІР-БІР ДӘПТЕР ЕКЕНБІЗ.    

ҚҰШТАРЫМ

  Сен осы, Сәні ме ең ғаламның, Ойламай отыру маған мұң. Есімді аласың еріксіз, Еркімнен адасып қаламын.   Сезімдер селкеулі ортадан, Ғашық боп қалыппын мен саған. Көрсем деп жүр едім бір бақыт, Сол бір жан сен бе едің аңсаған.   Жайқалтып, Кеудеме гүл ектің, Лүпілін тыңдашы жүректің. Байландым қап-қара бұрымға, Бейнеңе дір еттім.   Жібектей мінезді, алтыным, Өзіңе айтатын бар сырым. Іңкәрмін жайдары жүрекке, Әдемі ибаңа тәнтімін.   Жанары – от. Қасы да қиылған, Аңсаған бағым ба ең қиырдан, Іздеген құштарым өзің боп, Сен болшы бақытым бұйырған.   Оразбек САПАРХАН Жас ақын 1987 ж. Шыңжаңның Еренқабырға өңірінде дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультетінің журналистика мамандығын бітірген. Өлеңдері мен әңгімелері

«Алтын тұяқ»

(2005 ж. Шымкент),

«Жас толқын»

(2 кіт. Проза, Поэзия, 2006 ж.),

«Ерентау әуендері»

(Термелер жинағы: 2007 ж.),

«Алтын қалам»

кітаптарына енген. 2002-2006 ж.ж. аралығында Шыңжаңдағы қазақ радиосының балалар мен жастарға арналған «Қауашақ» және «Жастар өмірі» бағдарламаларында 30-ға жуық өлеңдері жарияланған. Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ғұлама Ғазер Ақытұлының Ақыт Үлімжіұлының екі томдық

«Шығармаларының толық жинағының» І томын

(Кония, 2011 ж. - 652 б.) кітабын,

«Құран кәрімдегі ғылыми негіздер: Таңдамалы хадистер»

(Алматы: Тоғанай Т., 2007. - 224б.) атты кітабы мен Сонымен қатар, Сәдуақас қажы Ғылманидың

«Құран туралы өтіріктер мен жалаларға қарсы»

атты еңбегін төте жазудан аударған. 2005 ж. Шымкент қаласында өткен «Ар, иман – қалқаным» мүшәйрасының I орын игері, «Алтын қалам-2014» тәуелсіз әдеби байқауында «Жылдың ең үздік поэзиясы» аталымының жеңімпазы.  

[1]

Тапал- аласа, бәкене.

demeu2

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар