Ресейлік қор Қазақстандық жас ғалымдарға көмек бермек

/uploads/thumbnail/20170708171859146_small.jpg

19 наурыз. Qamshy.kz - Бүгін Алматы қаласы Менеджмент Университетінде халықаралық "Сколково" қорының ұйымдастыруымен "Start up Tour 2015" жобасының Қазақстандағы кезеңі ашылды. Бұл туралы "Қамшы.kz" порталы хабарлайды. Аталмыш шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Инвистиция және даму министрі Әсет Исекешов "Start up Tour 2015"-ке қатысушыларға сәттілік тілей отырып, оның әлемдік ақпараттық, биологиялық, медициналық, энергетикалық, өнеркәсіптік инновациялық технологияларға қолдау білдіретін ЕАЭО аясындағы маңызды жоба екенін атап өтті. Ресейде бастауын алған "Start up Tour 2015"-тің Қазақстандағы кезеңінің ашылуына Қзақастан мен Ресейден 500-дей сарапшылар мен 50-дей спикер инновациялық экономикалық жүйе шеңберінде баяндамалар жасады. Айта кететіні, "Start up Tour 2015" шарасы аймақтардағы жас дарындар мен ғалымдардың, өнертапқыштар мен жаңа бастаушы кәсіпкерлердің, технопарк өкілдері мен ЖОО ғылыми институттарының жобаларына қолдау білдіру, қалыптасуына, жоғарғы техникалық нарықта қажеттілігі мол инновациялық шешімдерді іздеу, оларға көмек беру үшін ұйымдастырылып отыр.

Әсет Исекешов, ҚР Инвистиция және даму министрі:

 Алматы дүниежүзі бойынша "Start up Tour" шарасын өткізіп отырған алтыншы қала, ал ТМД елдері ішінде бірінші қала болып отыр. Биылғы жылдан бастап ресейлік "Сколково" қорының "Start up Tour" жобасы халықаралық мәртебеге ие болды.Ресейдің 10 қаласынан басқа "роуд-шоу" картасына Белорусия және Қазақстан да еніп отыр. Сондай-ақ, Алматы эстафетасын жалғастыруға Татарстан және Башқұртстан ниетті. Бұл жобаның маңыздылығы - жігерлі, жас дарындардың арасында инновациялық кәсіпкерліктің идеясын тарату және ғылыми зерттеулердің нәтежиелерін кәсіпкерліктің мүмкіндіктерімен байланыстыруға көмектесу екенінде жатыр. Мақсат, бағдар айқын. Осында жас ғалымдар мен өнертапқыштарға қолдау білдіруіміз керек. Осы ретте Қазақстандағы ЖОО-ның маңыздылығы ерекше. Қазір, көптеген ЖОО-ы тек білім берумен айналысу принціпіне сүйенеуде. Ал ЖОО-да тек білім берумен ғана емес, ғылымға тереңдетіп оқыту, Университет қабырғасынан жас данырдардың осындай жобаларын даярлау өте маңызды болып табылады. Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар