Жетісу облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз оқ жарақатынан қаза тапты

/uploads/thumbnail/20250924101408264_big.webp

Жетісу облысында десанттық шабуыл бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз оқу-жаттығу кезінде қаза болды деп хабарлады ҚазАқпарат. Сарбаз оқ жарақатынан қаза тапқан. 

"Қару-жарақ қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан әскери қызметкер қаза болды. Ол өлімге әкелетін жарақат алды" деп мәлімдеді Қазақстан қарулы күштері десанттық шабуыл әскерінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.

Қорғаныс министрлігі лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі немесе немқұрайлығы анықталса, кінәлілер қатаң жазаланатынын ескерті. Марқұмның жақындарына тиісті көмек көрсетілетіні хабарланды.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар