Алматы облысында болған жарылыстан 3 адам қаза тапты. Қазір Іле ауданындағы металл қабылдау пункіндегі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Алматы облысының полициясының хабарлауынша, Алматы облысы Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылып, оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған.
Полиция қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
"Белгісіз зат жарылып, 3 адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді", – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.