Атырауда мемлекеттік туды теріс ілгінген фотосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, халық наразылығын тудырды. Әлеуметтік желілердегі қызу талқылаудан кейін ту алынып, қайта ілінген. Бірақ қолданушылар салғырттыққа жол бергендерді анықтап, жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақ жайық басылымына сілтеме жасап,
Әкімдік мәліметінше, мердігер ұйымның қызметкері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 458-бабы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аталған бапқа сәйкес, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Туды теріс ілген қызметкерге дәл осы жаза қолданылған.