Алматыда Халықаралық Infomatrix жоба жарысы басталды (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170708174205877_small.jpg

2015 жылдың сәуір айының 9 жұлдызында Сулейман Демирель атындағы университетте «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге ұйымдастырған және де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен Халықаралық «Infomatrix» (Инфоматрикс) атты компьютерлік жоба жарысының ашылу салтанаты өтті.

11074528_1643759302510693_470459197_n

Аталмыш ғылым мен инновациялық кешенді жобаларды қамтитын бұл сайысқа 25 мемлекеттен 400-ге жуық  білімгерлер келді. Сайыстың басты мақсаты – еліміздегі және шет мемлекеттердегі 10-11 сынып оқушылары арасындағы заманауи технологияның даму барысын талқылау.

 11119812_1643759305844026_1424817896_n

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ұйымдастыру комитетінің төрағасы ассист. профессор Селим Гюверджин  Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан бұл іс-шараның еліміздің мақтанышы екенін жеткізді.

Ашылу барысында Астанада өтетін EXPO-2017 тұралы ақпарат берген ұйымдастыру комитеті 25 елден келген дарынды қатысушыларды осы ауқымды EXPO-2017 белсенділік танытуларын ұсынды.

Осы жылы өтіп жатқан Infomatrix жоба жарысының ерекшелігі Солтүстік,  Оңтүстік Американың, Канада және Венесуелла елдерінің қызығушылық танытқаны болды.

11124579_1643759309177359_2020422769_n 11131781_1643759315844025_1692053023_n

Іріктеу кезеңінен, елімізден 1200-ге жуық қатысушыдан теқ қана 240 қатысушы ал шетел мемлекеттерінен 528-ге жуық қатысушыдан теқ қана 144 қатысушының өтуі жоба деңгейінің қаншалықты жоғары екендігін ескерткен университеттің бірінші проректоры профессор, доктор Салатанат Нұрәдлқызы барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар мен қонақтар үшін СДУ жаңа кампусында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойналды. Әуелеген ән шырқалып, наурыз көже таратылды.

http://www.youtube.com/watch?v=u51trA_d3Qs

Түркиялық Өмер Бакаш пен Хусейн Севим сенсор арқылы жұмыс жасайтын робот қолды жасап шығарыпты. Олардың айтуынша, бұл аппаратпен адамға операция жасауға, химия, физиканың адамға қауіпті салаларында, сонымен қатар қауіпсіздік қызметінде көптеген жұмыс атқаруға болады. «АҚШ-та бұндай девайстар шамамен 2000-3000$ тұрса, біздікі бар-жоғы 100$ ғана» дейді қос дарын. Қолдың қалай жұмыс жасайтынын бейнеден көріңіз.

11136945_1643759299177360_1504538347_n 11145933_1643759312510692_250755778_n

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар