Қазақстанда қыз алып қашқандар қалай жазаланады?

/uploads/thumbnail/20170708174205279_small.jpg

Елімізде әлі күнге дейін қыз алып қашу процесі тоқтар емес. Басып алып қашатындарға да жаза күшейтілген. Айқын басылымы қыз алып қашуға не түрткі, алып қашқандардың жазасы қандай болмақ деген сауалға жауап беруге тырысты.

Бүгінгі таңдағы қыз алып қашып үйлену деген ғұрып қалай пайда болды? Және де оның заңы бар ма? Ендеше, бұл сауалдардың аражігін ажыратып, “иә” мен “жоқты” таразыға салып қарастырақ. Қыз алып қа­шу, заманы мен адамына қара­мас­тан, іске асуын тоқтатар емес. Әсі­ресе, Қазақстанның оңтүстік об­лыстары отбасы болудың осын­дай үлгісіне құштар-ақ. Ел арасындағы қыз алып қашып сотталыпты деген бірлі-жарым қауе­сет болмаса, бұл тәсілге жүгініп үй­ленгендердің 90 пайызы өзгеге үлгі боларлықтай ғұмыр кешуде. Көп жағдайда, алып қашып үйлену екі тараптың да алдын ала келісі­мімен өрбиді. Ал енді әлгі алып қашудан кейін отаспай қалған 10 пайыз дәл осы дала заңын өз икеміне ауыстырып, яғни жігіт тарапы ұнатқан қызын оның келісіміне жүгінбей алып қашу­дан пайда болады.

Күйеубала және оның бірге алып қашқан достары сотталып кетудің сәл-ақ алдында тұрса, қыз байғұсқа “байдан қайт­ты” деген жаман ат жабысатыны тағы бар

Нағыз зорлап алып қашу, дәс­түріңді тұрпайы етіп көрсету, міне, осы жерде айқын белең алады. Мұн­­дай жағдайда үйге түскен келін алдында жатқан он кемпірді аттап, ақ орамалыңды таптап кетіп, сотқа беруден еш тайынбайды. Келген қуғыншыға ере кетіп, арты екі жақ та әбігерге түседі. Күйеубала және оның бірге алып қашқан достары сотталып кетудің сәл-ақ алдында тұрса, қыз байғұсқа “байдан қайт­ты” деген жаман ат жабысатыны тағы бар. Намыстан булыққан кейбіреулері ата-анасы жаман атты болмас үшін қалып та жатады. Әлеуметтік желіде “қыз алып қа­шу қажет пе, жоқ па?” деген сауал­нама жүргізілді. 75 пайызы қыз алып қашуға “түбегейлі қарсымын” деп жауап берді. Ал 25 пайызы “қыз­дың келісімімен алып қаша беруге болады” деп шешті. Ал егер қыз келіспесе, алып қашқан тір­ліктері қылмыс болып есептеледі. Сауалнамаға қатысушылардың барлығы шектен шыққандарды жа­залауды құп көретіндерін білдірді.

Достарыңмен топ­тасып қызды құрықтасаң, жа­заң 10 жылдан 15 жылға дейін со­зылатыны заңда тайға таңба басқандай етіп көрініп тұр. Тереңі­нен үңілсең, үрей ту­ғы­за­тын баптар

Ал басып алып қашқандарға заң не дейді деген сауалаға келсек, жәбірленуші жақ сотқа берсе адамның еркіне, таңдауына шек­­теу қо­­йып, біреу­мен отасуға мәж­­бүрлеу заңмен қуда­ланатыны айқын. Қыл­мыстық ко­дек­стің 125-ба­бында көр­се­тіл­гендей, “Адам ұрлау” фактісімен қолға тү­с­кен жан төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айы­рылу мүмкін. Достарыңмен топ­тасып қызды құрықтасаң, жа­заң 10 жылдан 15 жылға дейін со­зылатыны заңда тайға таңба басқандай етіп көрініп тұр. Тереңі­нен үңілсең, үрей ту­ғы­за­тын баптар. Қызды ұзатып алу үрдісі тұр­ған­да, неге қыз алып қашуға бәрі құ­мар-ақ, дегенке келсек, жауап – ұзатып алу қым­бат­қа түседі. Себебі ұзынсонар, қып-қы­зыл шығынды талап ететiн дәс­түрді айналып өтудің ең бір оңай жолы сол алып қашуға итермелейді. Мәселені түйіндей келе, неге қазаққа қыз ұзатудың ортақ бір кодексін жасамасқа? “Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа” демекші, “менің жоралғым дұрыс еді” деп ешкім та­ласпас та еді. Белгіленген мөл­шер-де ғана шығын шығып, бас­тысы, жастардың үй болып кетуі­не жағдай туындар еді. Мәселен, оқыған қыздың қа­лың малы, дипломының қызыл-кө­гіне қарамай, 100 мыңнан 200 мың­ға деп нақты бағаланса. Ана сүті деп бір қой немесе бір ірі қара. Сосын әкесіне, бауырларына тиесілі сый-сияпат жасалынып, қыз жағы бой­жет­кенін ұзатса, ұл жағы тойын жа­сап думандатсын. Жеті- же­ті, тоғыз-тоғыз деген дәстүр де мұн­дайда сөз болмас еді. Қызыңа жасау әзірлеу, тағысы тағы әр отба­сы­ның өз жағдайына байланысты атқарыла береді. Бір тудың астында, бір елде, бір принциппен өмір сүріп жатқандықтан, ешбір жан мұндайға қарсы шықпас. Есесіне, жабайы түрдегі қыз алып қашу өздігінен тоқтатылар еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар