Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім хат туралы: Бұл саяси тапсырыс

/uploads/thumbnail/20181017162410259_small.jpg

Танымал әртіс Тұңғышбай Жаманқұловтың Елбасынан кешірім сұраған хаты келіп түскенін жариялағанбыз. Онда хатты жіберген оқырман атақты әртістің жақында Президент Назарбаевтан кешірім сұрады делінген хатты мәтінімен суретін қоса жіберген. Бүгін осы хатқа байланысты Тұңғышбай Жаманқұлов жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі adyrna.kz сайтының дерегін негізге алып.

“Бұл баяғыда сотқа дейінгі, мәдениет министрінің соңымнан қалмай, адамдар салып жүріп жаздырған хаты. Мен театрдың жұмыстарымен Шымкентте жүрген болатынмын. Арыстанбек Мұхамедиұлының тапсырмасымен маған Сәбит Әбдіхалықов келді. Министрдің сәлемін айтты “Сіз сотқа дейін Елбасына кешірім сұрап хат жазыңыз. Мен қаржыны байқамай жеп қойыппын. Кешіріңіз деп”. Мен айттым мен олай жазбаймын. Жазсам басқадай жазамын дедім. Сосын, бұл хатты Сәбит Арыстанбек Мұхамедиұлына, Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұрсұлтан Әбішұлына беру керек болған. Ал, олар ол хатты бермей әдейі сақтап қалған. Бұл хат арандатушылық. Бұл министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ойыны. Сенбесеңіз хаттың аяғын қараңыз. Әдейі датасы жазылған жерді суретке түсірмеген. Яғни, бұл саяси тапсырыс” деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар