Адам ата мен Хауана қазақ тілінде сөйлеген бе?

/uploads/thumbnail/20170708180910980_small.jpg

  Ұлы Жаратушы – Алла Адам Ата мен Ауа Ананы Қазақтың Ана тілімен бірге жаратқан. Адам таза қазақ сөзі. Бұл сөз қазақтың төл сөзі болғандықтан ғана біз бір-бірімізді (ерді де, әйелді де, үлкенді де, кішіні де) Адам деп атаймыз. Әйтпесе, мына көрші орыс елі сияқты, біздерде бір-бірімізді «человек», «женщина» немесе «люди»; ағылшындар сияқты «ман», «мен», «вуман»; арабтар сияқты «рожулун» (ер кісі), «имроатун» (әйел адам), парсылар «Мәрд», «зән», «енсан» (жалпылама Адам деген ұғым оларда да бар) деп атаған болар едік. Олар бізден және бізге ең жақын туыс елдерден өзге елдердің барлығы Адам деп тек қана ең алғашқы Адамды (Адам Ата – Ауа Ана, Адам и Ева) атайтындарының сыры осы.

  Ұлы Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – десе, ежелгі Аталарымыз «Адамзаттың бәрін Адам, Атам (менің Атам) деп, Бәке, Жәке, Сәке, Нәке дегенде, өзіңнен үлкенді Әкем деп сүй деп отыр. Естеріңізде болса, Қазақстан парламентінің бір депутаты бір министрге Жәке (әке) деп сөйлегені үшін бұрқан-талқан болып ашуланып, қатаң ескерту жасады. Осы бір ауыз сөзге бола-ақ барлық депутаттардың мандаттарын тартып алып, оларды қазақ ауылдарына ұзақ мерзімге, қашан қазақтың Ана тілін толық меңгеріп алғанша, есекпен (баяғы Әбіш Кекілбай ағамыз айтқандай) іссапарға жіберіп алсақ артық болмас еді.

   Атам Қазақ өз тілдерін өзге елдер сияқты туысқан (родной) деп атамай, «Ана тілі» дегенде бұл менің шешемнің тілі деп отырған жоқ. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бұл сөз Қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Қазақта осыған сәйкес, тек қана үш ұғым: Ауа ана, От ана және Жер ана делінеді. Маңғыстаулық қазақтардың ежелгі шежіре-дастандарындағы ауыздарынан тастамайтын «Үш аналы қазағы» осы.

   Сөзде Ата да бар, Ана да бар. «Орынды жерінде айтылмаған сөздің Атасы өледі» делінеді қазақ мақалында. Сөздің атасы, сол сөздің түбірінде тұрады. Ол «Сөз түбірі». Бұған дәлел ретінде айтарымыз: Сөз түбірінің де түбірі «өз түбі» деп аталуы. Ал, сөздің анасы «Тіл». Тілің болмаса сөзің аузыңнан шықпайды, яғни сөйлей алмайтын мылқаусың.

Бүкіл әлемдегі сөйлеген сөзіне біздер түсіне алмайтын, бізге ең алыс елдердің де 30% сөз түбірі қазақ сөздерінің түбірімен сәйкес келеді. Мағыналары да тура біздікіндей немесе соған жақын. Бұл тіл ғылымында толықтай мойындалған. Демек, бұл бүкіл әлем елдерінің тілі өз бастауын біздің Ана тілімізден алады деген сөз.

Жер бетіндегі бүкіл адамзат баласы Ұлы Жаратушы - Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін  «Адам» және «Ман» деп тек қана екі есіммен және сонымен қатар ең алғашқы елді, яғни мемлекетті Қаз деп атайды. Осы үш есімнің үшеуі де Манқыстауда дүниеге келген. Адам атамыздың атын (қарашаңырағын) Адай ұстап отырса, Ман атамыздың атын Манқыстау ұстап отыр. Сонымен қатар бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен, осы елдің түп атасы ӘЗ әулие атамыздың да моласы  осы Манқыстауда. Сондықтанда, ол басын ӘЗ әулие бастаған, 360 әулиелі, киелі Маңғыстау деп аталады. Міне, үш жүздің, яғни тұтас бір дүниенің тағы бір  үш келбеті.

  Адай шежіресі Адам ата мен бүгінгі ұрпақтың арасын 70 000 жыл деп көрсетеді. Сондықтан, бүкіл әлемде қазақтың ана тілінен бай тіл жоқ. 1980 жылдары әлем елдері өздерінің сөздіқ қорының құрамын жинағанда ағылшындар 250 000, қытайлар 500 000, ал қазақтардың сөздік қоры 20 000 000 асқан. Ғұмыры ұзақ елдің тілі ғана осыншама бай болатыны ешкімге де дау туғызбайтын, айдай ақиқат болса керек.

        «Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз (сия болып) және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды (Құран Кәрім. Лұқман сүресі. 27 аят). Тәпсір: Соның бәрімен жазса да аса ұлы Аллаһтың сөзі таусылмайды. Ибн Касир. Демек, қазақтың Ана тілі Ұлы Жаратушы – Аллаһтан кейінгі екінші тіл.

 Қазақтың тіл байлығының өзге елдермен салыстырғанда тағы бір ерекше көрсеткіші сөз құрамындағы дыбыстардың өте көптігі және бірнеше сөздердің бірігіп бір сөз құралуы. Мысалы, қазақта он, жиырма, тіпті отыздан аса дыбыстар мен оннан аса буындардан тұратын сөздер бар. Мұндай аса күрделі сөз құрылымдары еш бір елдің сөздік қорында жоқ.

Тағы бір кереметі кез-келген ұғымның балама атаулары болатындығы. Мысалы, Ал, Алғы, Алғи, Алдыңғы, Алғашқы, Алаш, Алаша, Алан, Алтай, Алатау, Аламан, Балықшы, Балқан, Баласағұн, Халық (Қалқа) т.т. яғни сөз түбірінде Ал (Әл) деген түбірі бар ұғымдардың бәрінің тегі (Атасы) бір. Бұл ұғымдар өз кезегінде Ел - бір рулы ел, яғни барлық әлем елдері мемлекеттік құрылымының бастау алатын жері (Ел хан атамыздың елі); Елі - ұзындық өлшемінің бастауы; Ан, Ана, Сана, Дана, Данышпан, Пана, - Адамзаттың бастауы; Азан, Таң, Таң сәрі, Таңертең - күндізгі мезгілдің бастауы; Аз, Азау (Азов), Азия - Қаздың, Қазанның, Қазардың, Қазақтың атасы (бастауы); Аб (Ап), Аба (Апа), Жабал, Баба (Папа), Африка аналық текті; сол сияқты Ев (Еб) – Ева (Адам и Ева), Еврей (Ебрей), Европа, Евангелие, Евгеника, Евпатория, Евфрат, Девушка, Дева Мария, Девальвация, Евнух, ебелек, көбелек, ебедейсіз, епсіз, ебіл-себіл т.т. тек қана аналық текті білдіреді.  Ас – Бастау, Бастың, Дастарханның, Астананың, яғни барлық басқару жүйесінің атасы т.т. болып кете береді.

 Қазақтың тіл (сөз) байлығы соншалық кез-келген ұғымның бірнеше ондаған атаулары бар. Мысалы, бір ғана түйенің 120 атауы болса, жылқыда да осыған қарайлас. Киелі Құран Кәрімде осылай жазылған. Онда Ұлы Жаратушы  - Алланың 99 есімі келтірілген.

 Ең бірінші Адам ата мен Ауа ананың тілі шықты. Адай - Адам атаның қарашаңырағының иесі. Олар «Тіл таңбалы Адайлар» делініп, бұл таңба ежелде бүкіл Қазақ (Түрік) қағанаттарының бас таңбасы (гербі) болған.

Каспийдің түпкі мағынасы Қас би. Ол өз кезегінде Қаз бидің  (Қазақтың)  лақап аты, яғни синоним.   Сонда Қаз дегеніміз бүкіл әлем елдері мәдениетінің ең биік шыңы болса, Қас деген сөз кез-келген ұғымдардың ең биік шыңы. Оның аржағында ештеңе жоқ. Қазақтың сөздік қорындағы Қас би, Қас Сақ, Қас батыр, Қас мерген, Қас тұлпар, Қас шебер, Қас қағым, Қас дұшпан, Қас сұлулар осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. Қазақтың «қасиетті адам», «қасиетсіз адам» деген ұғымдарының шығу тегі осы. Енді осылардың қасына Қаз ақтың тағы бір лақап аты Қазды (аспанда ұшатын, киелі құс) қосып қойыңыз. Шынында да, ең бірінші тілі шыққан елдің Қас би атанбай басқаша аталуы мүмкін де емес қой. Бұл дауға жатпайтын тұжырым. Ежелгі қазақтар жақсылыққа жарысудан алдарына жан салмай, яғни бәйгеден келіп осындай ең құрметті атауға ие болған. Бұл дауға жатпайды.

 Қазақта Аллатағала деген аса қастерлі, ең ұлы ұғым бар. Осы сөздің құрамы Алла, Ата және Аға деген үш біріккен сөзден тұрады және Ал (алдыңғы) сөзі осы сөз құрамында төрт рет қайталанып, осы үш ұғымның үшеуінде ортаға алып тұр. Осыдан кейін оларды Қас би (Каспий) деп атамай көрші! Аталарымыз тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған. Бүткіл жер бетінде Адам-адам болғалы 70 000 мың жыл ішінде мұндай сөз жасау мәдениетіне еш бір ел жете алмаған.

 Тілдің сөз түбірі «іл» - ілкі (алғашқы) төр дейтініміз осы. Адам-адам болғалы шежіре-тарихтың кілті Қазақтың ана тілінде. Кілт пен тілдің түбірлес болатыны да осыдан. Қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тарихының «кілті», яғни коды. Қазақтың ана тілін (кодын) жоғалтып алсаң, сонымен бірге әлемнің шежіре-тарихын да бірге жоғалтасың. Әлем тарихының сыры өзге тілмен ашылмайды.

  Қазақтың Ана тілі мен Ата салтының (ата заңының) ғұмыры 70 000 жыл. Бұларды жер бетінде қолданбайтын ел жоқ.

  Тағы бір кереметі, қазақта «Ақындар айтысы» атты елден ерек өнердің болуы. Ақындар айтысы тіл білімінің ең биік шыңы. Бұл шыңның ең биігіне қазақтан басқа ешбір ел шыққан жоқ. Бірлі-жарлы Қырғыз бен Қарақалпақ сияқты «жар жағалап жүргендер» бар. Бірақ оларда бізбен таласа алмайды. Сондықтан, бүкіл әлем елдері қазақты ақын жанды халық деп бағалаған. Жер бетінде қазақтан өзге дәл біздегідей тілі мен айтыс өнері дамыған ел жоқ. Салыстыру үшін айтар болсақ, олардың тілі мектеп жасындағы балалардың тілімен қарайлас.

Ежелгі киелі кітаптардың барлығы Мұсаның «Тораты» (Мойсей «Таурат»), Дәуіттің (Давидтің) «Забуры», Исаның (Иисус Христос) «Інжілі», Маңғыстаулық «Әбеспе» (Авеста), Жүсіп Балықшының «Құтты білігі» (Құтадгу білік) т.т. бәрі біздің Ана тілімізде қара сөзбен емес, жырмен жазылған. Шежіре-дастандарды жырмен жазу тек қана Қаз билердің (Қас билердің, Қазақтардың) қолынан келетін іс. Бұл дауға жатпайды. Бұны осы киелі кітаптарды иемденіп жүрген Ебрей, Парсы, Араб, Орыс зерттеушілерінің еңбектерінен айқын көруге болады. Олар осы киелі кітаптардың атауының да, олардың толық мағынасында аша алмаған. Сондықтан кез-келген өздері түсіне алмаған сөздерді «ежелгі ебрей», «ежелгі Парсы», «ежелгі Араб», «ежелгі Орыс» тілдері деп атаған.

       Олардың бұлай атаулары бүгінгі қазақтың Ана тілін өз тілдерінің Анасы деп мойындағандық болып табылады. Қазақтың шежіре-дастандарының ешқайсысында «ежелгі Қазақ» тілі деген сөз қолданылмайды. Қазақтың Ана тілінде  мұндай түсінікте жоқ. Бізің тілімізде тек ескірген сөздер (архаизм) бар. Мысалы, қала халқының малға байланысты көптеген атауларын білмейтіні сияқты.

 70 000 жыл бойы көшпелі қазақ халқының тілі еш бір елдің тілімен будандасқан жоқ, таза күйінде сақталып бүгінгі күнге жетті. Осы үшінде бүкіл әлем елдері қазаққа қарыздар. Еске ұста! Атасы немересінен тіл үйренбейді.

 Нұқ пайғамбарға дейінгілерде (шежіреде Құдайке (Қу Адай әке) деп аталады), Нұқ пайғамбар кемесіне мінген жандардың бәрі де осы біздің қазақтың ана тілінде сөйлеген. Демек, Нұқ пайғамбар қауымынан, яғни оның үш жаққа кеткен үш ұлының  Қам (Үндістанға кеткен), Сам (Иран жаққа), Иафес (Еділ мен Жайық өзендері аймағына) кеткен және Қазық жұртта (Ата жұртта), яғни қарашаңырақта қалғандарынан (қазақтардан) тараған елдердің бәрі басында, осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйледі. Кейіннен олар бір-бірінен ажырап, уақыт аралығы алшақтаған сайын сөз құрамы өзгеріп отырды.  Ал, кеме қалған жер күні бүгінде де Қазығұрт  (Қазық жұрт), Нұқ пайғамбар кемесінің іліңгір (якор) тастаған жері Леңгер деп аталады. Ол қазақ жері, ол бүгінгі қазақ елі. Бұл дауға жатпайды. Бұған тоқтамаған жанды, тап-таза «мәңгүрт», немесе Құдайдың қарғысына ұшырап «маймыл» болуға жақындап жүрген жан дегеннен басқа лажымыз жоқ.

 Бүткіл жер бетіндегі (ас пен көктің арасы), тіпті сонау ғарыштағы атаулардың бәрі адам (ру) аттары, яғни сол атауларды дүниеге әкелген аталарымыздың есімі. Бастауы сонау Адам атадан алынатын бұл қағиданы бүкіл әлем елдері қолданады. Аталарымыз оны «сөздің атасы» десе,  бүгінгі тілде ол «авторлық құқық» делініп жүр. Авторлық құқық сөз түбірінде (өз түбінде) сақталады. Ақыл-есі дұрыс жандар үшін, бұл дауға жатуға тиісті емес. Бұл тұжырымды кез-келген адам, кез-келген ұғымнан көре алады. Мысалы:  Бидай – Би Адай;  Нан – Ман; Садақ – Сақ Адай, Қорамсақ – Ор мен Сақ, Жебе – Жеменей; Қара құмық  (гречко) -  авторы Құмықтар; Алма – Алаш пен Ман. Бұл жемістің атауы өте ертеде қойылған. Алманға (Алаш Манға) «Н» дыбысының қосылмауы, бұл атаудың Ман атадан, яғни Нұқ атамыздан бұрын дүниеге келген; Мұқит, Құқық, Нүкте, Қос нүкте, Бұқа т.т. яғни сөз түбірінде Ұқ (Үк) деген түбірі бар сөздердің бәрінің авторы Нұқ пайғамбардың әулеті, ұрпағы дегенді білдіреді; Осман (империя), Космос (Қосай көпір), Қосай, Косова, Россия, Москва, Югославия, Чехославакия, Қос нүкте т.т. сөз түбірінде Ос (Ош) деген түбірі бар сөздердің бәрінің атауы Қосай атамыздың ұрпақтары. Нұқ атамыздың руының атауы да осы; Шабдалы – авторы Абдалдар; Ары қарай осы ойымызды жалғастыра берсек,  Адтардан – Адам, Адай, адал, адақ, адас, адыр, адырна, адыраспан; Тәзікеден – Тәж (хандар мен қағандардың арнайы бас киімі); Ағадан (Қаз ағадан) – Ағаш;  Қаралардан (Қараман, Қарахан, Қарабастардан) – қарағұс, қарағай, қарағаш, қарбыз; Қырғыздардан – қыран, қырғи; Ерден – терек; Астардан – астық; Мандардан – манқұс, сандуғаш, жантақ, жаңғақ; Арыстардан – арал, аршын, арша, арпа; Құдайкеден (Тұран, Түріктен) – құралай, құрма, құрт;  Алаштан –алма, алша, алмұрт;  Көкбөріден  - өрік; Қияннан – қияр; Қызаннан – қызанақ; Балықшылардан – бал, бала, балапан; Ападан – жапырақ, Ысықтардан – Мысық, Құдайке ұлы Ақпаннан – Аққу, Аздан – азамат, Қаздан – Қаз, Атақаз, Сазан  т.т., Ұлан (Оғлан, Оғыздардан) –  тұлпар, дүлдүл; Мұңал-моңғолдардан – «ағайынды қоңыр қаз» т.т. қалды.

       Тағы да қайталап айтамын. Адам ата мен Ауа ана бүгінгі біз сөйлеп жүрген қазақтың ана тілінде сөйлеген.  Біздің бір-бірімізді адам деп атайтынымыздың сыры осы.

      Қазақ даласының небір кереметтері: аңыз-әңгімелері, жер-су атаулары, археологиялық қазба жәдігерлері әлем ғалымдарын таң қалдыруда. Тіпті олардың көбі қазіргі қазақ даласының ежелгі тұрғындарын өзге планетадан келгендер деп атап жүр. Бұл болжам түп-тамырымен қате. Бұл мәдениет бізге ежелгі Ад қауымынан қалған. Оны «бергі бетке» алып өтіп, сол Адамзаттың ежелгі ұлы мәдениетін жалғастырғандар Қазық жұртқа (Жуды тауына) Нұқтың кемесімен келіп, іліңгір (якор) салғандар. Олар өздерін Ман деп атады. Сол Мандардың жаз жайлауы қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі, қыс қыстауы Манқыстау (Мандардың қыс қыстауы) болды.  Бұл жерлер бүгінгі қазақ даласы. Әлем мәдениеті бүткіл жер шарына осы өңірден тарады. Бүгінгі қазақтар сол ежелгі Адам ата мен Ман атаның (Мандардың) қарашаңырағының иесі. Ақыл-есі түзу жандар үшін бұл дауға жатуға тиіс емес.

  Бүткіл жер бетінде, бүткіл әлемге астана болған екі жер бар. Ол Адтардың астанасы болған Маңғыстау, екіншісі Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауы мен Сыр өзені өңірі (Оңтүстік Қазақстан облысы).

Жоғарыда айтқанымдай,  ғаламдық құбылыстар, бүткіл жер бетіндегі барлық атаулар Қазақтың Ана тілінде қойылған.  Егер де жер бетінен қазақтың ана тілі жойылар болса бүкіл адамзат баласы тарихынан айрылып, шын мәңгүртке айналады. Аталарымыз «ақырзаман» деп осыны айтқан. Бүкіл адамзат баласы Атам заманның (Аталар заманының) ақырына, яғни Ақырзаманға таяп келеміз. Ата салтын ұстанған қазақ халқы Ақырзаманды алыстатуға жанын салса, бүгінгі орыс тілді билік соны тезірек жақындатуға барынша тырысып бағуда. Олардың басым көпшілігі Елбасымыздың ширек ғасырдан бері сан мәрте қайталап келе жатқан «Екі қазақ бір-біріңмен қазақша сөйлесіңдер» деген тапсырмасын орындап жүрген жоқ. Бір таң қаларлығы, орындамай жүргендер қара халық емес. Біздер және біз қатарлылар Елбасымыздың бұл тапсырмасын ең алғаш айтқанда-ақ орындағанбыз. Орындамайтындар тек қана биліктің айналасында жүргендер. Бұл не сонда, бүкіл қазақ қолдап отырған Елбасымыздың тапсырмасын орындамау, ел билігінің тұтқасын ұстағандардың жетесіздігінен бе, әлде олардың еш қайсысы қазақ емес пе, әлде мұнда біз білмейтін тағы да басқадай сыр бар ма? Шынында да қызық емес пе? Неге олар Елбасының бұйрығын да, халықтың талабында орындамайды? Неге олар өзі басқаратын мемлекетінің, мемлекеттік тілінде сөйлейтін адамдарымен аудармашы арқылы сөйлеседі. Осындай билік иелерінің қазаққа қандай пайдасы бар?

Тарих тағлымы: Қазақ тарихында қазақ хандары мен қағандарының айтқандары екі етілмеген. Себебі, олар ешқашан өз қарабасының мүддесін ел мүддесінен жоғары қойған емес. Ұлы аталарымыз сол үшінде ел билеген ханы мен қағаны түгіл, олар отыратын орын тақты да бастарына бас киім етіп киіп жүрген. Тақияның сөз түбірі Тақ болуы тек қана осыны білдіреді. Ал, оған жалғанған «Иә» жалғауы, осы тұжырымымыздың айдай айғағы болмақ. Олардың қай-қайсысы да берген тапсырма-бұйрықтарын орындамаған билік иелерін қатаң  жазалаған..., екінші қайта билікке жолатпаған.

    Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім

Маңғыстау

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар