Қазақ халқы ежелден-ақ қарғыс жаудырмау керектігін тілге тиек етіп жүретін болған. Таңдаулы хадис шәрифте бұл туралы: «Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе бетдұға(қарғыс) етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытына тура келіп бетдұғаларың қабыл болады» деген екен.(Мүслим)
Біздің халық "Жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін табады",- деп бекер айтпаған. Әбу Дауд (р.а) риуаят еткен хадисте "Егер бір кісіге лағнет айтсаң, сөксең ол қарғыс көкке көтеріледі, оның қақпасы жабылған соң құлдилап жерге түседі, жердің қақпасы жабылған соң, оңды-солды іздеп лағнет адамға барады, ол оған лайық болмаса, қарғыс қайтадан айтқан жан иесінің өзіне барады".
"Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды",-деген халық даналығы тағы бар. Өзіне зұлымдық жасаған адамға да қарғыс айту өте ауыр. Егер Қиямет күні оның оған лайықты емес екендігі дәлелденсе, күнәсі сіздің мойыныңызда.
Хадис шарифте "Мүмінге лағнет айту оны өлтірумен тең",- деп айтылған. Ал, адам өлтірудің күнәсі таразыда басым түспек.
Күнделікті өмірде өз баламызды немесе басқа да жандарды әкесі мен шешесінің атынан боқтап жатамыз. Бұл да – қарғыс. Оның да жазасы дәл сондай.
Ендеше, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жақсы амалдар жасап, екі дүниеде де алғыс алушылардың қатарынан табылайық.
Автор: Бек Байтас
Пікір қалдыру