Маңғыстау облысында ат тепкеннен кейін ауыр жарақат алған бес жасар баланы отаға дайындап жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.
Баланың ата-анасының айтуынша, оқиға жеке үйдің ауласында болған.
"Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, бала жақ-бет хируриясында операцияға дайындалуда", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бала облыстық ауруханаға Мұнайлы ауданының Баянды ауылынан түскен. Тексерістен кейін дәрігерлер науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын анықтады, сондай-ақ миы шайқалып, бет сүйегі жарықшақтанып сынған. Бұдан басқа, баланың мұрын қалқасы қисайып, жоғарғы және төменгі еріндері зақымданғаны белгілі болды.
Пікір қалдыру