Арман Шораев Астанадағы Түркістан көшесінің бойлай кетіп бара жатқан шетелдік жұмысшыларды видеоға түсіріп, қазақ жастарының жұмыссыздық мәселесі туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Мыңға жуық шетелдіктер түскі асқа кетіп барады. Ал біздегі мыңнан астам тепсе темір үзетін жігіттер жұмыс іздеп, сандалып жүр. Осылай ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Жемқорлық пен ар-намысы жоқ шенді-шекпенділердің шешім жасауының себебінен осы мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Мейлі, Атырау, Астана, Шымкент болсын. Қазақ елінің ұлы тарихын оқымаған, Құдайға емес, Бенжамин Франклинге құл болғандар билік басында отырған кезде, әкім қараларды сайламай, тағайындай салғанда осындай сорақылық жалғаса береді. Ал біздегі сот — әлемдегі сатылымы жоғары "керемет" сот", - деп жазды Арман Шораев өзінің фейсбук парақшасында.
Пікір қалдыру