Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында құрылысшылар айлықтарын көтеруді талап етіп, наразылық білдіріп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Әбу-Даби Плаза" кешенін салып жатқан құрылысшылар жалақы мәселесінен бөлек жұмыс жағдайының және өздеріне берілетін тамақ сапасының жақсаруын талап етіп жатыр.
Нұр-Сұлтандағы "Әбу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы 2010 жылы басталып, 2016 жылы аяқталу керек болған. Алайда кейін құрылыстың аяқталуы 2020 жылға дейін ұзартылды.
Пікір қалдыру