Қорғаныс министрі Арыстағы жарылысты табиғи құбылыс деген жоқ деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Данияр Әлжанов мәлімдеді. Ол Нұрлан Ермекбаевтың "табиғи нәрсе" деп айтқанын лингвистикалық тұрғыдан түсіндірді.
"Министр: "... бұл табиғи нәрсе, әрбір арсеналдың қауіптері бар..." — деп айтқан видеоға қатысты сұрақтар қойылып жатыр. Оның сөзі "арсеналдың жарылу себебі – табиғи құбылыс" деп қате аударылып кеткен. Негізі дұрыс аудармасы "табиғи нәрсе", "қалыпты жағдай" деген мағынаны білдіреді, сонда министрдің не айтқысы келгенін түсінеміз. Құрметті әріптестер, әскери қызмет пен арсеналдан келетін белгілі бір қауіп-қатер бар. Бұл қалыпты жайт. Сондай-ақ тергеу аяқталмайынша, ешкім алдын ала қорытында жасамайтыны белгілі. Біз қаза тапқан үш адамның отбасына тағы да көңіл айтамыз. Болған жайтқа қатты өкінеміз және арсенал жарылысы салдарынан зардап шеккендердің бәріне жанымыз ашиды", - деп жазды Данияр Әлжанов өзінің фейсбук парақшасына.
Пікір қалдыру