Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев өзі мүшелігіне енген Кеңес туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Арман мырза Facebook парақшасында жазба жариялады.
"Ұлттық кеңес туралы. Мен де сенбеймін, шенділерге. Өзгерістер енгізудің екі жолы бар. Біріншісі - митинг, жалғасы майдан - соғыс. Екіншісі - бейбіт келісім арқылы өзгерістерді енгізу. Бұны Тоқаев мырза менсіз де түсініп жүр. Егер Кеңес түк нәтиже бермесе, сол бірінші жол қалады. Қан төгіледі, қазаққа қазақ оқ-дәрі себеді. Оны пайдаланған Путин әскерлерін кіргізіп, қазақтың жерін ойып алады. Өз басым сөйлесуге де, соғысуға да дайынмын.", - делінген жазбада.
Пікір қалдыру