Ерлан Нысанбаев жаңа қызметке тағайындалды

/image/2019/07/29/crop-7_12_339x536_2b521d216e5a5b2dffbd833881b15f2a.png

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрәлиұлы Нысанбаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы орман шаруашылығы шебері болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.

2009–2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.

2013 жылғы ақпанда ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған, 2014 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар