Жер дауы бойынша сотталған Талғат Аян мерзімінен бұрын босатылды

/image/2019/07/29/crop-175_26_630x841_21165aebc64a48695.jpg

Атыраудағы "жер дауы" бойынша сотталған қоғам белсенді Талғат Аянды 19 шілдеде №2 Атырау қалалық соты мерзімінен бұрын босатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

"Осыдан бір жыл бұрын олар менің бас бостандығымды шектеу жазасын шарттыға өзгертіп, оны 2021 жылға дейін созды. Бас бостандығыңның шектелуі не екенін түсінсін деген секілді. Былай қарап тұрсаңыз, бостандықтасыз, үйдесіз ғой, бірақ ешқайда бара алмайсыз, рұқсатсыз әрекет қыла алмайсыз, бос уақытыңыз да шектеледі. Әр апта сайын пробация органдарына барып, төбе көрсетіп тұруыңыз керек, кешкі уақытта ешқандай ескертусіз полиция қызметкерлері үйге сау ете түсе алады. Сондықтан қас қарая "Күлшеқыз" құсап үйіңізге тұра жүгіресің. Көңіл көтеретін кештерге бара алмайсыз, мысалы тойға баруға құқың жоқ. Басқа жерге, мысалы қазаға бару керек болса, онда да рұқсат алуың керек. ЖСН-нің де бұғатталған, өйткені аты-жөніңіз лаңкестікті қаржыландырумен айналысатын адамдардың тізімінде тұр, бір сөзбен айтқанда бұл ешбір жұмыс орны жұмысқа алмайтын таңба", - деп жазды Талғат өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Талғат Аянның айтуынша, сотқа қатысқан прокурор мен пробация қызметі бұл шешімге қарсы болған, бірақ сот оны мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Алайда қоғамдық қызметке тыйым салу күшінде қалады. Еске салайық, былтыр 28 сәуірінде Талғат Аян Ақтөбе түзеу колониясынан босатылып, жазаның өтелмеген бөлігін (бас бостандығынан айыру түрінде) үш жылға бас бостандығынан шектеуге ауыстырды.

Талғат Аянның серігі Макс Боқаев өзінің бесжылдық қамау мерзімін Ақтөбеде, КА-168/2 орта режимдегі колонияда өтеуін жалғастырып жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар