Министр келеді, кетеді. Оқулықтар мәселесі шешілмей қалып қойып жатыр

/image/2019/08/09/crop-40_11_162x215_67663631_2813323225409750_2581179610074972160_n.jpg

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы білім саласына келіп жатқан басшылар оқулық мәселесінде тек сынаумен ғана шектеліп жатқанына назар аударды.

"Білім министрі ауыса сала оқулық сынау әдетке айналды. Жаңа минстр Асхат Аймағамбетов қателерді тізіп: "Мұндайға жол берілмеуі керек. Балаларымыз осындай аудармалармен оқуға мәжбүр. Жыл сайын бір қателік қайталанып келеді. Бір басқан шоқты қайта айналып басамыз. Қашан бітеді бұл? Оқулықты асығыс дайындау деген жүйелі проблемаға айналды", – депті. Ел "енді дұрысталар" деп үміттеніп жүр.

Мұның алдында А. Сәрінжіпов: "Қазақ тіліндегі оқулықтар кемшілігінің екітобын көрсетуге болады. Бірінші, мәтінде теориялық материалдардың басым болуы, оқулық мазмұнында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағыт болмауы. Екіншіден, ғылыми терминдерде бірізділіктің сақталмауы" – дегенде де үміттенгенбіз.

Оның алдында Жансейіт Түймебаев: "Оқулық мәселесі – тек қана орта білім саласы үшін ғана емес, кәсіптіктехникалық, жоғары білім саласы үшін де өте маңызды мәселе. Бұл іспен біз арнайы айналысудамыз. Көптеген шаралар қолдандық. Экспорттық комиссиялар құрып, барлық пәндер бойынша жұмыс істедік. Өкінішке қарай, осы кезеңге дейін жазылған оқулықтардың жалпы санының ішінде сапасыз жазылғандар жеткілікті болып отыр" дегенде де үміттенгенбіз.

Оның алдында да, әр министрден мысал келтірсе болады. Бірақ, сапалы оқулық, әдістеме жоқ. Сапалы оқулық шықса минстрлік қарамағындағы күзеу-түзеу, автор алмастыру, қайта шығарумен милиардтар шығындатып отырған "Оқулық" орталығының, аннан қашқан, мыннан қашқан авторлардың шатпағын басып, облыстардан ақша отап отырған баспалардың бизнесі тоқтап қалады. Сондықтан Асекеңнің ол салаға қаншалықты тісі өтерін уақыт көрсетер", – деп жазады журналист өзінің фейсбуктағы парақшасында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар