Халықтың қарызы айлық табыстан екі есе көбейген

/image/2019/11/08/crop-81_28_343x458_1549332254.jpg

Қазақстандық банктер банкрот болуы мүмкін бе? Халықаралық Moody’s агенттігінің сарапшылары 2020 жылдың соңына қарай біздегі банк секторы кезекті дағдарысты бастан өткереді деп болжапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сітеме жасап. 

Қазірдің өзінде халықтың қарызы айлық табысынан екі есе көбейген. Соған қарамастан, қаражаттан қысылса несиеге жүгінетіндер әлі де көп. Мәселен, қазір 6 миллионға жуық отандасымыздың банк алдында берешегі бар. Оның жалпы сомасы 7 триллион теңгеге жетіп жығылады. Әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының, Қарағанды облысының тұрғындары кепілсіз тұтынушылық несиеге белшесінен батқан. Ал Түркістан мен Солтүстік Қазақстан обылысының халқы банктерге мейлінше жоламауға тырысады екен. Сондықтан сарапшылар оңды-солды несие беру тоқтатылмаса, екінші деңгейлі банктер құрдымға кетеді деген тұжырымға келіпті.

Халықаралық агенттіктің уәжін отандық экономистерде құптады. Айта кетсек, сол екінші деңгейлі банктердің оңды-солды несие таратпау мәселесін қазір Ұлттық банк те қарастырып жатыр.   

Расул Рысмамбетов, қаржы сарапшысы: Банктер төлем қабілеті төмен азаматтарға несие беруді азайтуы тиіс. Оның орнына бизнеске, кәсіпкерлік саласын дамытуға ақша бөлген абзал. Өйткені айлық табысымыз азайып барады. Халықтың несие төлейтін шамасы жоқ. Бұлай жалғаса берсе, соңы экономикалық дағдарысқа әкеледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар