Қазақстаннан Германияға жеткізілетін мұнай көлемі артады

/uploads/thumbnail/20251007094138013_big.webp

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Rosneft Deutschland GmbH бас директоры Йоханес Бремер арасында кездесу нәтижесінде Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау туралы жұмыс күшіндегі келісім-шарт 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. Келісім-шарт Германияға ай сайын жеткізілетін мұнай көлемін 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. 

 

2025 жылдың 9 айында Қазақстан Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жалпы көлемі 1,5 млн. тонна мұнай жеткізген. Мұнай шикізаты Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз мұнай-кен орындарынан тасымалданады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар