Бас прокуратура: Әбілязовтің қайда екені әзірге «тергеу құпиясы

/uploads/thumbnail/20170708151027154_small.jpg
БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтің қайда екені қазір анықталып жатыр. Бұл туралы бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесі Хатшылығының аясында ТМД елдер Бас прокуратуралары халықаралық құрылымдары басшыларының кездесуінің ресмт бөлімінен соң журналистердің сұрағына жауап бере отырып еліміздің Бас прокурорының орынбасары И.Меркель мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Әбілязовтің қайда екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге бәрі «тергеу құпиясы» болып табылады», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әбілязовтің әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа Әбілязова Рим қаласы маңында тұрып жатқан жерінен 1 маусымда Қазақстанға депортацияланған еді. 3 маусымда бас прокуратура Алма Шалабаевадан Алматы қаласынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғанын хабарлаған. Ал маусымның 4-і күні Атырауда арасында көші-қон полициясының қызметкерлері бар бір топ адам Әбілязовтің туыстарына жалған құжат жасау ісіне қатысты сотталды. «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әбілязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берді. Қазақстан үкіметі Әбілязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.    

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар