«Алматы – 2050» стратегиясы қаланы қауiпсiз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыруды көздейді

/image/2019/11/25/ospanov.jpg

«Алматы – 2050» даму стратегиясы екi миллионға жуық тұрғыны бар Алматының қарапайым адамдарының күнбе-күнгi мәселелерiн шешуге бағытталған.

Стратегияда көтерiлген 7 басымдық алматылықтардың өөмiр сапасын жақсартуға септiгiн тигiзерi сөзсiз. Бағдарламалық құжатта айтылған мiндеттердiң толықтай iске асуына мегаполистiң мүмкiндiгi жетедi.

Тек, айрандай ұйыған берекемiздi сақтап, бұрынғыдан да ынтымақтаса түсуiмiз, ел болып еңбек етуiмiз керек. Алматы халқының саны күн санап, жыл санап артып келедi. Бұрын-соңды бос жатқан жерлер әп-сәтте кiшiгiрiм елдi-мекенге айналды. Нәтижесiнде Алматының шекаралық аймағы да кеңи түстi. Шаһарымыздың шекарасы ұлғайды. Бүгiнде Алматыда сегiз аудан бар. Әр аудан – мегаполистiң айнасына айналуы тиiс. Ол үшiн стратегиядағы «Шетсiз қала» тұжырымдамасы мегаполистегi әр ауданның орталықтандырылып, маңайы қажеттi инфрақұрылымдарға қолжетiмдi болуын мiндеттейдi. Бұдан өзге, кез келген қаланың келбетi тек қана биiк, зәулiм әрi әдемi үйлермен өлшенбейдi. Елдi-мекеннiң көркiне оның жасыл желегi мен тазалығы үлкен үлес қосады. Стратегиядағы «Жасыл қала» бағыты бойынша қоршаған ортаға келтiретiн зиянды заттарды азайтып, көптеп жасыл желек егу жоспарланған.

Алдағы үш жылда Алматыда 1 миллион түп ағаш отырғызу мiндетi қойылды. Сонымен қатар, демалыс орындары мен саябақтарда да көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде. Мәселен, Эфиопияда 12 сағаттың iшiнде 350 млн. ағаш отырғызылыпты. Мүмкiн үш жылға жоспарланған 1 миллион ағашты бiр жылдың iшiнде отырғызып тастаймыз ба екен, кiм бiлсiн?! Негiзi бұл құжаттың мақсаты – Алматыны әр тұрғыны берекелi өмiр сүретiн, қауiпсiз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Бiз оған тек бiрге, тiзе қосып еңбек ету арқылы жете аламыз. «Елдiң күшi – селдiң күшi» демекшi, қаланы, ондағы аудандарды көркейту үшiн тұрғылыпты халықтың қолдауы қажет.

Болат ОСПАНОВ,

қалалық мәслихаттың депутаты

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар