Тасжолда 3 көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды

/image/2019/11/25/crop-17_12_499x772_qostanay-dgol-apaty.jpg

"Алматы-Екатеринбург" тасжолындағы жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмып, бірнеше жәбірленуші ауруханаға жеткізілді – деп хабарлайды, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында Әулиекөл ауданында болды.

"23 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мінген "Датсун" көлігі жолдан шығып кетіп, қарсы бағыттағы "Хонда" машинасына соқтығысқан. Одан әрі "Газель" автокөлігі "Датсун" көлігін соқты. "Газельді" 26 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны басқарған. "Датсун" көлігіндегі 1999 және 1973 жылы туған жолаушылар көз жұмды. Тағы 3 адам Әулиекөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", – деп полицияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар