Қаракемер тұрғындары: Дүнгендер үнемі "жер сендердікі, бірақ билік біздікі" деп айтады

/image/2020/02/08/crop-17_7_557x742_1921d683-1a20-469d-bbf7-10e2f387aed3_cx0_cy3_cw0_w1023_r1_s.jpg

 Тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, бірнеше адам қайтыс болған Жамбыл облысы Қордай ауданында жүрген Қамшы тілшісі кешегі жанжал кезінде ұсталған азаматтарды босатуды талап етіп тұрған Қаракемер ауылының тұрғындарымен сөйлесті. 

Олардың айтуынша, бір-біріне жақын орналасқан Масанчи (95 пайыз этникалық дүнгендер тұратын ауыл) және Қаркемер (тек қазақтар тұратын ауыл) ауылында тұратын дүнгендер мен қазақтардың арасы бұрыннан дұрыс емес. Оған себеп - екі ұлттың арасында болған әрбір кикілжің кезінде полицейлер дүнгендер жағына шығып кетеді. 

– Зардап шеккен қазақ болса да, дүнгендер сүттен ақ, судан таза болып шығады. Осыдан біраз уақыт бұрын дүнгендер қазақ мұғалімдерді ұрып-соғып кетті. Бірақ ешкім жазаланбады. Біздің арамызда ұлтаралық қақтығыс баяғыдан бар. Сортөбеде осы біздің ауылдың қыз-келіншектері жұмыс істейді. Біздің қыз-келіншектер кешке жұмыстан қайтуға қорқады. Дүнгендер тиісіп, мазақ қылады. Алматы мен Қордай арасында қатынап жатқан көліктерге шабуыл жасайды. Бізде болған қылмыстық оқиғалардың барлығы облысқа, республикаға шықпайды. Осы аудан арасында шешіліп кетеді. Дүнгендердің жоғары жақат отыратын "крышасы" бар. Дүнгендердің айтуынша, оларды жоғарыда қызмет атқаратын Машанло деген генерал қорғайды, –  дейді қаракемерліктер. 

Олардың сөзінше, дүнгендер үнемі "қазақтар жер сендердікі, бірақ билік біздікі. Біз бәрін ақшамен сатып аламыз" дейтін көрінеді. 

– Елдің шыдамы бітті ғой. Дүнгендердің "жер сендердікі болғанмен, билік біздікі" деген сөзін күнде естиміз, –  дейді олар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар