Қордайдағы қақтығыстан 11 адам ажал құшқан

/image/2020/02/08/crop-1_16_719x958_news_full1574062952b38f465a32efd32f902bfc002ef7c9a3.jpg

Қордай өңірінде кеше болған қақтығыс туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өз ойын ортаға салды. "Сөз басын алыстан орағытпай, ушыққан жағдайды нақтылай келе: нәтиже көрсететін  заң бар, дегенмен сол заңды іске асырушылар өз істеріне үстірт қарайды" деп бастаған заңгер Facebook парақшасында ең алдымен болған жайтқа кінәлілерді тізбектеп айтып берді.

"1. Бұл жанжалға ең басты кінәлі адамдар полиция қызметкерлері. Өздерін қорғауға шамалары жетпесе, халық оларға қалай сенім артады. Ең сорақысы, әлеуметтік желілерде таяқ жеп жатқан құзіретті орган қызметкерлерінің видео-суреттері кеңінен таралуда.

2. Ақпарат таратудан тым шетте қалып келеміз. Ақпарат министрі Абаев сағат 16:00 орын алған оқиғаны әбден созып, түнгі  сағат 12-де әрең берді. Абаевтың көп күттірген сөзінен де іле-шала Жамбыл облысының баспасөз қызметі арқылы әйтіп-бүйтіп жатып құлағдар болдық! Форум өткізіп ақпараттың түрлі жолдарын айтқанда бәле дейміз. Ал іске келгенде көзге көрінерлік нәтиже жоқ! 200 миллионға Ресейдің блогер, журналистерін шақырып сабақ үйреніп жүрген Абаев бұл жолы да ештеңе үйренбегенінің көрінісі.

3. Бұл оқиға бүкіл әкімдерге мен полиция қызметкерлеріне сабақ болу керек! Халық тарапынан түскен ешқандай арыз қаралып жатқаны шамалы. Соның кесірінен өзге ұлттардың арасында дүрбелең басталады. Фирдауси ауылын да тілге тиек етсек болады. Асықпасақ, әр істің соңы осындай түйіткілді проблемаларға ұласа беретін болады.

4. Ұлттың жаманы болмайды. Тек ішінен сондай біреулері шығады. Қанша жерден ашу қысып, ішімізге сыймай бара жатса да, біз қатігез емеспіз. Өзгенің дәрежесіне түсіп, еткен ісіне жауыздық, қатігездікпен жауап қайтару біздің тектілігімізге нұқсан кетіреді" делінген заңгер жазбасында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар