"Сапалы қазақ" мастер класына қалай қатысуға болады?

/uploads/thumbnail/20170708151036144_small.jpg

Ахметбек Нұрсила  Қазақ тілінде “САПАЛЫ ҚАЗАҚ”   атты Мастер класс өткізеді.

 

Ахметбек Нұрсила, Қазақстандағы 1-ші қазақ тілді бизнес тренер.  Бизнесте 1994 жылдан бері. 4 компанияның құрылтайшысы.

 

1 топ: Жалақыға жұмыс істеп, бірақ КӘСІПКЕР болуды армандап жүрген жастарға арналады.

 

Не туралы:

 

·         ”Жалақы” ақы мен “Жалшы”

·         Кім өзіне  жұмыс істейтін Кәсіпкер бола алады?  Ол үшін не керек?

·         Көшбасшы” (Лидер)  болып туады  ма, жоқ өзіңізден “Көшбасшы” тәрбиелей аласыз ба?

·         Өмірдің сапасын қалай өлшеуге болады? Өміріңіздің сапалы болуы үшін не істеу керек?

·         Кәсіпкер (Бизнесмен) болудың жолдары қандай?

Қандай нәрселерді үйрене аласыз:

Көшбасшы (Лидер) болу, “Жалақы” алып жалшы болмау дегенді көп адамдар көз алдына елестете алмайды!

Ал сіздің көз алдыңызда: Мекеме ашып, артынан адамдарды ертіп, өзіне де, жақынына да, еліне де пайдасы тиіп жүрген жандар қаншама!

Өмірге деген көзқарасыңызға өзгеріс енгізіп,  жақсы, САПАЛЫ өмірге деген талпынысыңыз  күшейіп, жақсы әдеттер мен машықтарды үйренесіз,  “Көшбасшы” болудың алғашқы қадамдарын бастайсыз!

Бұдан кейін сіз өзіңізді, артыңыздан ерген елді басқара алатын боласыз!

Ұйқыдан оянып, өз тағдырыңызды өз қолыңызға алып,  қаражат қысылысынан шығудың жолдарын көре алатын боласыз!

 

Тренингте осы жолдарды үйренесіз! Өзіңізге деген сеніміңіз күшейеді!

 

Мастер класқа қатынасу құны:  Тегін.

Өтетін орны мен уақыты:

 

08.30 – 9.00 Тіркелу

9.00-10.30 тренинг

10.30-10.50 үзіліс

10.50-13.00 тренинг

13.00-14.00 Түскі ас

14.00-15.30 тренинг

15.30-15.50 кофе-брейк

15.50-17.30 тренинг



2  топ: Жалшылықтан кетіп, жеке кәсіппен енді айналысайын деп жүрген, жаңадан бизнестің түрлі жолдарын іздеп жүрген, идеяалы бар, бірақ қалай, неден бастарын білмей жүрген жастарға арналады.

 

Не туралы:

 

·         Стартап деген не?

·         Инвестиция қалай тартуға болады? Кәсіпті бастап кету үшін, қаржыны қайдан, қалай тартуға болады?

·         Кәсіпорынды ашқанда неден бастау керек?

·         Қандай бизнестерде болашақ барын қалай білуге болады?

·         Бизнес жоспар қалай жасалады?

 

Қандай нәрселерді үйрене аласыз:

 

Бизнес бастап кетуге қаражатты қайдан, қалай тару жолдарын үйренесіз

Бизнес жоспар жасау неден тұрады, оны кім қалай жасайтынын көресіз. Қандай кәсіп пайда әкеледі, қандайының пайда әкелуі неғайбыл екенін қалай есептеп шығуды үйренесіз. Бизнесті бастағанда сәтсіздікке ұшырамау үшін алғашқы қадамдарды қалай, неден бастау керек екенін үйренесіз

 

Мастер класқа қатынасу құны:  15 000 теңге, НДС  жоқ.

Өтетін орны мен уақыты:

 

08.30 – 9.00 Тіркелу

9.00-10.30 тренинг

10.30-10.50 үзіліс

10.50-13.00 тренинг

 

3 топ: Шағын және орта мекемелердің басшыларына арналады

 

Не туралы:

·         Менеджмент функциялары

·         Маркетинг, Стратегия, Финансы, Учет, Экономика, Логистика, Орг структура, Стратегия бизнеса, Персонал , Бизнес план, Тайм менеджмент жайлы нақты консультациялар

·         Бизнес процессы

·         Реинжиниринг

·         Бюджетирования

·         Мотивация

·         Тайм менеджмент

 

Қандай нәрселерді үйрене аласыз:

Білімді басшылар 5-6   мекемені басқара отырып, спортқа, дем алуға, білімін жетілдіруге уақыт таба алады. Өйткені мекемені басшы адам емес, система басқару керек. Сіз бизнесті жүргізетін системаны қалай құру керек екенін, мекемені қалай мол табыс әкелітен компанияға айналдыру жолын үйренесіз

 

Мастер класқа қатынасу құны:  20 000 теңге, НДС  жоқ.

Өтетін орны мен уақыты:

 

13.30-14.00 тіркелу

14.00-15.30 тренинг

15.30-15.50 кофе-брейк

15.50-17.30 тренинг

 

4 топ.  Барлық мемемелердің басшыларына арналады.

 

Не туралы:

·         Корпоративтік мәдениет. ( Корпоративная культура)

·         Тайм менеджмент

·         Компанияның мұратын (миссиясын) анықтау

·         ТҚӨ Түпкі құндылық өнім (ЦКП Ценный конечный продукт)

Нені үйрене аласыз:

Көптеген компаняның қызметкерлері компанияның не үшін құрылғанын, нарықта кімге қандай пайда әкеліп жатқанын, қандай мақсаты бар екенін біле бермейді. Қызметкерлер көбіне тек жалақы үшін жұмыс істейді, ол компанияның нарықтағы бәсекеге шыдап, төтеп беру алуына үлкен әсерін тигізеді.

Көптеген компанияда адамдардың қайрат күші, уақыты ішкі түсінспеушіліктермен күресуге кетеді де, компаняның өсуі баяулайды

Сіз қалай бүкіл жұмыскерлердің бір үйдің баласындай ұйымшыл болуын, қалай компаняның мұратын орындау жолында жан тәнін беріп, жұмыла іс істетуге болатын  әдістерін үйрене аласыз.

Тренингке төмендегідей жолдармен тіркеле аласыз:

1.      Телефондар  Астанада:  Асель 8 775 414 4105

2.      Қатынасамын деген тапсырмаңызды мына эл.адрестерге жібере аласыз:  asel-kazashka@mail.ru>

Сапалы Қазақ!

Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

Ахмет Байтұрсынұлы

1.      Білімдіболуымызкерек.Білімді болуға оқу керек

2.       Бай болуымыз керек. Бай болуға кәсіп керек.

3.      Күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек.

Біздің, Алаш ардақтысының сөзіне заман талабына сай қосарымыз:

4.       Ден саулығымыз мықты болу керек.  Сау болу үшін салауатты өмір сүру керек.

5.       Мәдениетіміз жоғары болу керек. Бір бірімізді, қоршаған ортаны силап үйренуіміз керек.

6.     Қайырымды болуымыз керек.  Елім маған не   береді демей, мен еліме не беремін деп жұмыс істеуду үйрену керек. Болмаса:Жетім жесірге, елімізге қолқабысымызды тигізу жолында жұмыс істеуіміз керек.

 

 Біз Алаш көсемі Ахмет Байтұрсын атамыздың арманын нақты іс жүзінде орындауға бар күш жігерімізді саламыз.

·         Білім жолында: Сапалы қазақ деген Сайт ашып, осында әр мамандықтар  бойынша кітаптар орналастырамыз, бірге оқып талқылаймыз.

·         Бай болу жолында: Кәсіп ашып, бай боламын деген жастарға нақты жол көрсетіп, Бизнес жоспарды қалай жасайды, мекемені қалай басқаруға, өнімді қалай өндіріп сату жолдарын көрсететін тренингтер өткіземіз.  Вебинар арқылы интернет бар Қазақстанның елді мекендерімен он лайн тренингтер өткіземіз

·         Бірлік жолында: Діни көзқарасына, саяси көзқарасына, тіл білгеніне қарап алаламай бір бірімізге толерантты көзқараспен қарауды үйренеміз

·         Ден саулық жолында: Салауатты өмір салтын насихаттап, іс жүзінде қолданатын боламыз. Арақ, шарап, зиянды сусындардан бас тартып, спортпен шұғылданамыз

·         Мәдениет жолында: Боқтық сөздерден арылып, қала мен даламыздың тазалығын сақтау жолында жұмыс істейміз.

·         Қайырымдылық жолында: Жетімдер үйіне, жарымжан адамдарға көмек көрсетеміз. Еліміздің болашағы үшін жан тәнімізді аямай жұмыс істейміз

Қазақстанның елінің сапалы болуы-  Әр Қазақстандық азаматтың сапасына байланысты!

 

Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе - ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.

Ахмет Байтұрсын

 

Сапалы Қазақ сайтының бар редакторы Ахметбек Нұрсила

(Сайт Алла қаласа алдағы уақытта дайын болады)  

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар