"Жарқанаттан табылған COVID-19 Уханьдағы америкалықтардан анықталды"

/image/2020/04/20/crop-17_6_590x1047_original-xy0.jpg

Кембридждегі Ұлыбритания және Германия зерттеушілері генетикалық желі әдістерін пайдалана отырып, SARS-CoV-2Y-дың адамдарда пайда болуының «эволюциялық жолдарын» анықтады.

Ғалымдар алғашқы 160 толық вирустық геномды талдау нәтижесінде, әртүрлі вирустық сызықтардан құралған, мутациялар көмегімен пайда болған жаңа коронавирустың таралуының картасын жасады.

– «SARS-CoV-2-нің тектік қорын мұқият тексерейін десе, ол мутацияға тез ұшырап кетеді. Сондықтан, біз барлық мүмкін болатын дараларды бір уақытта анықтау үшін математикалық желі алгоритмін қолдандық – деді Кембридж университетінің жетекшісі, генетик доктор Питер Форстер.

– Бұл әдістер негізінен ДНҚ көмегімен адамзатқа дейінгі популяциялардың ағынын картаға түсірумен бірдей. Біз оларды алғаш рет коронавирусты жұқтырудың жолын анықтау үшін қолданды деп ойлаймыз, – дейді зерттеуді жүргізушілер.

Зерттеушілер тобы 2019 жылдың 24 желтоқсанынан 2020 жылдың 4 наурызына дейінгі әлем бойынша таралған вирустың геномдарының деректерін қолданды. Зерттеу нәтижесінде COVID-19-дың бір-бірімен тығыз байланысты А, В және С деп аталатын үш түрлі «нұсқасы» анықталды.

Форстер және оның әріптестері  жарқанаттан табылған COVID-19 А типін, бұл Уханьдағы «адам ағзасындағы  вирустың түпнұсқа геномы» екенін анықтады, бірақ бір қызығы, қаладағы вирустың көпшілігі бұл типке жатпайды.

«А» типті COVID-19-дың мутацияға ұшыраған түрлері Уханьда тұрған америкалықтардан табылған.  Сонымен бірге АҚШ пен Австралиядан келген пациенттерден де «А» типті вирустар анықталған.

Уханьда көп таралған «В» типті коронавирус Шығыс Азияның барлық аймақтарындағы пациенттерден табылған. Зерттеушілер: «мутацияға ұшырамаған бұл тип осы аймақтан алысқа тарала алмады, себебі Шығыс Азиядан басқа жерлерде түрлі «қарсы» әрекеттерге тап болды» деп пікірін білдірді.

Коронавирустың «С» типті нұсқасы Франция, Италия, Швеция және Англиядағы емделушілерден табылған  еуропалық түрге жатады. Бұл тип Қытайда табылмаған, бірақ Сингапур, Гонконг және Оңтүстік Кореяда анықталған.

Жаңа талдау қорытындысы бойынша, Италияға вирустың ең алғашқы енуі 27 қаңтардағы германдық инфекция  арқылы болғанын және тағы бір итальяндық инфекцияның бағыты «Сингапур кластері»  мен байланысты деп болжайды.

«А» типті нұсқасы жарқанаттар мен панголиндердің екеуінде де кездеседі. Зерттеушілер бұл індеттің түп тамыры осы жануарлар деп сипаттайды. «В» типті вирус «А» типті екі вирустың мутация нәтижесінде туындайды, ал «С» типті вирус «В» типті вирустың мутация туындысы.

«В типті вирус иммунологиялық немесе экологиялық тұрғыдан Шығыс Азия тұрғындарына көп  бейімделген болуы мүмкін. Шығыс Азиядан басқа аймақтардағы қарсылықты жеңу үшін оған мутация қажет болуы мүмкін. Біз Шығыс Азиядағы мутациялар жылдамдығың басқа аймақтардан төмен екенін көріп отырмыз», - деді Форстер. 

Ол тағы да: «Біз егжей-тегжейлі сипаттаған вирус - COVID-19 эволюциялық жолдары көптеген мутацияға ұшырағанға дейінгі, яғни эпидемияның алғашқы сатыларының бейнесі. Бұл аспанда пайда болған жаңа жұлдызды табу сияқты жұмыс» деп атап өтті.

Салыстырмалы геномдық талдама нәтижесі, SARS-CoV-2 бета-коронавирус тобына жататынын және SARS-CoV-ға өте жақын екенін, 2002 жылы қарашада Қытайдың Гуандун (кейінірек 2003 жылы 29 елде таралды) қаласында пайда болған SARS індеті осы вирус салдарынан екенін көрсетті.

Белгілі болғандай, жарқанаттардың Rhinolophus туысы (үңгір жарқанаттарының бірнеше түрі) осы вирустың таратушысы болып табылады, және етқоректі жәндік - Пальма циветта (Paguma larvata), жарқанат пен адамдардың ауруларың арасындағы аралық иесі ретінде қызмет атқарған.

Содан бері көптеген бета-коронавирустар жарқанттар мен  адамдардан да табылды. Мысалы, Қытайдың Юнань провинциясында тіршілік ететін "Rhinolophus affinis" түріндегі жарқанаттан табылған RaTG13 SARS-CoV-2-ге өте ұқсас екені, тіпті бірдей: геномдық сәйкестік 96% - ға дәл келіп тұр. Бұл нәтижелер, атап айтқанда, Rhinolophus түрінің өкілдері SARS-CoV және SARS-CoV-2 вирустарының аралық иесі болғанын көрсетеді.   

2020 жылдың 7 ақпанында ғалымдар панголиннен SARS-CoV-2-ге жақын вирус табылғанын анықтады. 99% генетикалық ұқсастықты ескере отырып, панголиннің жарқанат сияқты аралық ие екенін көрсетті. Дегенмен де, соңғы  зерттеу малаизиялық панголиннен (Manis javanica) табылған коронавирус генінің SARS-Cov-2 ұқсас екенін көрсетті, тек 90% генетикалық ұқсастықты тапты. Осы зерттеу панголиннен  шыққан вирус COVID-19 індетінің себебі емес екенін көрсетіп отыр.

Алайда, панголиннен бөлінген коронавирус S ақуызының нақты аймағында 99%-ға ұқсас, бұл ACE рецепторының байланыстырушы доменіне қатысатын 74 амин қышқылдарына сәйкес келеді (ангиотензин-түрлендіргіш фермент 2), ол вирусты жұқтыру үшін адам жасушаларына енуі керек. Керісінше, R. affinis жарқанттан табылған RaTG13 вирусынан осы аймақта қатты ұқсастық табылмады (тек 77% ұқсастық).

Саралай келіп, Панголиннен табылған коронавирус адам жасушасына енуге қабілетті, ал R. affinis жарқанатынан табылған коронавирус қабілетсіз екенін көрсетеді.

"Бұл генетикалық салыстырулар SARS-Cov-2 вирусының бірі RaTG13-ке жақын, ал екіншісі панголина вирусына жақын екі түрлі вирус арасындағы рекомбинацияның нәтижесі екенін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл бұрын болған екі вирус арасындағы селбесу. Рекомбинация болуы үшін, екі вирус бір мезгілде бір ағзаға жұғуы тиіс", - деп Сорбонна университетінің систематика, эволюция, биоалуантүрлілік институтының өкілі Александр Хассанин пікір білдірді

Калифорниялық биотехнологиялық компания әртүрлі емделушілерде коронавирус симптомдарының пайда болуына ДНҚ-ның әсер зерттеді. Ғалымдар COVID-19 жеңіл және күрделі асқынулар туындаған миллиондаған адамдар туралы деректерді талдады.

Ресми деректерге сәйкес, әлемде шамамен 1,5 млн адам коронавируспен ауырып, 80 мыңнан астам адам осы аурудан қаза тапты.  Шын мәнінде, COVID-19-ді байқамай жұқтырған адамдар бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін.

НВ коронавирусты жұқтырған және одан қайтыс болған пациенттерді дәл анықтау үшін жаппай тестілеу қаншалықты маңызды екенін жазды.

Пандемияға себеп болған SARS-CoV-2 жаңа вирусы адамның жасына, жынысына, иммунитетіне, т.б қарамастан организмге өтеді.

Бірақ, бұл вирус COVID - 19 барлығында бірден білінбейді. Сондықтанда жас адамдар COVID - 19-дың симптомдарынсыз вирусты таратып жүреді, ал жасы үлкен адамдарда асқынушылық көп болады. Сондай-ақ денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдарда да асқыну болады.

Ғалымдар COVID-19дың асқынушылығына ДНҚ әсерін зерттеу кезінде, кейбір гендердің коронавирустың ағзаға енуіне себеп болатынын анықтады.

Генетиктер әртүрлі адамдардың ДНҚ- сын  мен COVID-19 симптомдары арасындағы байланысты зерттеді.

Миннесота университетіндегі жаңа зерттеу  жұмысы коронавирустық инфекцияның механизмін ашты. Ғалымдар вирусты жасушаға бекіту үшін қолданатын 3-D карта құрды.

 Бұл ашылу ақыр аяғында Sars-cov2 коранавирус Sars - тан әлдеқайда жылдам берілетінін анықтады, кейбір дәрігерлер она ата-анадан беріледі деп есептейді.

Америкалық вирусологтар коронавирустың құрылымын толығымен талдап, 2002 жылы пандемия кезінде бірнеше жүз адамның өмірін қиған ақуыз тәрізді заттың түзілуі адам жасушаларын SARS-тен төрт есе күшті болатынын атап өтті.

Бұл вирустың тыныс жолдарында бір рет түссе, сол жерде қалуы мүмкін дегенді білдіреді.Содан кейін бұл бүкіл планетаны қамтитын COVID-19 ауруын тудырады. Бұл вирустың таралу жылдамдығын анықтап және оны бақылауда ұстау шараларын қиындатады.

Зерттеу тобын басқарған доктор Фанг Ли вирустың адам клеткасына ену механизмі көптеген басқа жұқпалы ауру қоздырғыштарына қарағанда анағұрлым жылдам екенін атап өтті. Бұрын болған SARS-қа қарағанда, бұл вирус адамның жасушаларына төрт есе күшті шабуыл жасайтынын айтты.

Басқа жағынан қарағанда, доктор Ли зерттеу нәтижелері вакцинаны жасауға  көмектесетінін айтты. Егер сарысу антиденесі адам жасушасына енген вирустан күшті болса, онда тиімді дәріні ойлап табу туралы айтуға болады. Ол вирусты тоқтатып, ағзаға енуін болдырмайды.

Сонымен қатар, дәрігерлер зерттеу барысында НВ Денсаулық жазған теорияны растады. Онда адам вирусты ұшатын жарғанаттар панголиндер арқылы жұқтыратыны көрсетілген.

Соңғы ақпарттар бойынша дәрігерлер коранавирустың 3 ерекше белгісін атады. Доктор Фанг Ли Нардтинг университетінің вирусология профессоры Джонатан Балдан Гардианға арналған зерттеу нәтижелері туралы түсінік берді. Оның айтуынша бұл мәліметтер екі вирустың әсерінен болатын аурулардың белгілеріндегі айырмашылықтарды түсіндіреді. SARS негізінен өкпе симптомдарымен көрінеді, ал SARS-CoV2 бастапқы кезде жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді, тек содан кейін пневмонияға айналады, бірақ барлық жағдай осылай болмауы да мүмкін.

 SARS-CoV2 адам вирустық ауамен дем алған кезде бірден организмге түседі, бірақ SARS баяу әрекет етеді, бұл оның таралуын қиындатады - дейді профессор Болл.

Кореялық ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарының мәліметтері бойынша, коронавирус аурудан емделген адамдарда қайта қозуы мүмкін екенін айтып отыр.

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда емделген 51 науқас тағы да коронавирусқа қарсы оң нәтиже алды.

Корейлік ауруларды бақылау орталығының бас директоры Чонг Юн Кьон өз сөзінде , вируспен ауырған адам вирусты қайта жұқтырмаса да, тіпті карантиннен кейін де коронавирус реакция беріп, қайта қозуы  мүмкін екенін болжады.

«Біз вирустың қайта қозуы мүмкін екенін  тұжырымдап аса мән береміз және осы мәселе бойынша көптеген кешенді зерттеулер жүргіземіз. Пациентті емдеу барысында бірінші күні коронавирустан теріс нәтиже көрсетіп, ал екінші күні оң нәтиже көрсеткен оқиғалар көп болды», - деп Чонг өз сөзін баяндады.

Пациент арасына 24 сағат өткізіп жасалған екі тестте теріс нәтиже көрсетсе, толық сауыққан болып саналады.

Қытай елінен емделіп шыққан пациенттердегі инфекцияның қайта өршуі артқанынан қорқып отыр, себебі өткен жылдың  желтоқсанында ауруды жұқтырып, кейін емделгендер де, вирустық тестте оң нәтиже көрсетті, кейбірі тіпті қайтыс болып та жатыр. Әзірге неге бұлай болып жатырғаны түсініксіз, бірақ кейбір адамдар сынақ нәтижесінің сапасыздығын кінәлайды.

Сонымен қатар, Financial Times өз дерегінде Еуропа елдерінің үкіметтері коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шараларды жеңілдетуге дайындықты бастады, - деп хабарлады. Шектеулер әлі бірнеше апта күшінде қалады. Атап айтсақ, мұндай шешімді Франция, Испания, Италия және тағы басқалары мәлімдеген. Германия карантин режимінен, эпидемияны бақылауда ұстау режиміне көшуге дайын, - деген ақпараттар БАҚ беттерінде  тарады.

Еуро Одақ елдерінде карантиннің орнына, шекарадағы бақылау жүйесін әзірлеп, Германияның Шенген аймағында шекараны ашу туралы жоспарланғаны Германия министрлігінің бірінің құжаттарында көрсетілген. Бірақ та, неміс канцлері Ангела Меркель карантиндік режимді бәсеңдетуге әлі ерте деп мәлімдеме жасады.

Дания карантинді біртінтеп бәсеңдету туралы шешімді ресми жариялады. Бұл елде бір аптадан соң балабақшалар мен бастауыш мектептерді карантиннен шығару жоспарлануда.

Әлемде COVID – 19 жұқтырғандар саны 1 млн 998 111 мыңнан асты, және де 478 659 мыңнан астам адам коронавирус атты жаңа аурудан айықты, ал өлім саны 126 604 мыңнан асып отыр.

Интернет ресурстарынан алып дайындағандар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жронобиология орталығы: б.ғ.к., доцент Аблайханова Н.Т. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, хронобиология орталығы:
оқытушы Есенбекова А.Е.

аға оқытушы Мухитдинов А.М.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар