Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

/image/2020/04/24/crop-31_16_1647x2399_24-04-2020-sovbez00002.jpg

Бейнеконференция режимінде өткен кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрестегі стратегиялық мәселелер, сондай-ақ ел экономикасын қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму мәселелері қаралды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі elbasy.kz  сайтының дерегін негізге алып. 

Елбасы жаһандық қауіп-қатерлер төңірегіндегі жағдай алаңдатарлық сценарий бойынша дамып жатқанын атап өтті.

– Коронавирустың салдары әлемдік экономиканың маңызды жүйелеріне әсер етуде. Халықаралық валюта қорының сарапшылары қазіргі «Жаһандық карантинді» өткен ғасырда болған Ұлы депрессиямен салыстыруда. Олардың пікірінше, жан басына шаққандағы табыс көлемі 170 елде төмендейді. Экономикасы әлсіз елдер көбірек зардап шегетін болады. Сарапшылар осы тоқсанда пандемия мен экономикалық дағдарыстың шарықтау шегі қатар келеді деген болжам жасап отыр. Өнеркәсіптік өндірістің құлдырауы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі ең төмен деңгейге жетуі мүмкін, - деді Қазақстанның экс-президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жақын арада әлемнің барлық мемлекеттері бұдан да ауыр сынақтарға тап болатынын және оның бәрі Қазақстанды да айналып өтпейтінін айтты.

– 20 сәуірде мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге түсіп кетті. Әлемдік нарықтардың теңгерімі бұзылды. Пандемияның соңы және өндірістің жаппай құлдырауы жаһандық қаржы дағдарысына ұласады деген де болжам бар. Келесі кезең – әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Бұл шиеленістер мен қақтығыстарға әкелуі ықтимал, - деді Назарбаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар