Рухани жаңғыру – алысты көздейтін, жемісін жылдар салып беретін бағдарлама

/image/2020/06/14/crop-11_9_485x808_rhj_835x0_34e.jpg

Рухани жаңғыру бағдарламасы 2020 жылғы жоспарға сәйкес ұлттық бірегейлік және прагматизм сынды идеологиялық құндылықтарды насихаттау бағытында жұмыс істейтіні белгілі.

Мемлекет хатшысы бағдарламаны іске асыруда білім мен ғылымға құштарлық, еңбексүйгіштік, ұлттық және өркениеттік құндылықтарды насихаттау сияқты шараларға басымдық беру керектігін баяндаған болатын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында орындалмай қалған жоспарлар бар». Жиында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму экс-министрі Дәурен Абаев осылай деді. Оның сөзінше, 209 тармақтан тұратын бағдарламаның 184-і жүзеге асқан. Яғни 3 жылда меже 88% орындалған.

Басты мәселе – ел аумағындағы көрікті мекендерді ел ішінде насихаттау. Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарды арттыру үшін мектеп бағдарламасына Абай Құнанбайұлы сынды тұлғалардың әуезді әндері мен күмбезді күйлері енгізілмек. «Мектеп оқушылары бұл тәлімді аудионұсқадан үйренеді», – дейді ол.

Бүгінде,  рухани жаңғыратын уақыт – кітап оқуға, виртуалды кітапханаға жазылып, виртуалды музей аралауға, сонымен бірге баламен сабақ оқып, баланың деңгейін білуге, тіпті өз деңгейіңді саралауға болатын сәттер.

Интернет айдынында тексерілмеген мәлімет өте көп, арзан күлкі де жетерлік. Екінші жағынан, салмақты сөз, салиқалы дүние де мұқиттай. Таразының қай жағына басымдық береміз, баламыз да көбіне сол жақты таңдайды. Бағдарламаның қабылданғанының 3 жыл аясында нендей  пайдалы істер атқарылғанын атап өтейік.

Бағдарламаға сүйене ұйымдастырылған танымал жоба «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» бізге  арамыздағы ерекше қабілетті қоғам дамуының көшбасшылары болатын 163 жасты анықтап берді. Бірі – қуатты үнемдейтін құрал ойлап тапса, екіншісi – 11 сыныпта жүргенде-ақ Кембридж университетіне шақырылған. Енді бірі – өнертапқыш.

Рухани жаңғырудың тағы бір жемісі «100 жаңа кітап». Бүгінде әлемнің үздік ғалымдарының 77 оқулығы  қазақ тіліне аударылып, 47-сі баспадан шықты. Барлығы елдің жоғары оқуларына жіберілді. Бұл оқулықтар санаға сілкініс әкелген және жемісін енді бере бастайтын жаңалық. Енді 23 оқулық аударылады.

«Туған жер» жобасы болса, меценаттық  мәдениетті қалыптастырды.  Туған өлкесін түлетуге 12 000  меценат ат салысып, 270 млрд теңгеге 5000-ға жуық нысан салынып, 2142-сі қайта жаңғыртылды. Өңірде бесінші, жетінші сыныптар өлкетану курсын оқыды. Сондай-ақ киелі жерлердің тізімі жасалды.

Ал «жаһандағы Қазақстан мәдениеті» жобасы бойынша, Алтын адам пандемияға дейін әлем мұражайларына 26 шеру жасаған. Бұл біздің бай мәдениетімізді, қолөнерімізді барша әлемге таныстырды. Шетел кітапханаларында 34 Қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығының ашылуы, ақын-жазушылардың үздік шығармаларының БҰҰ-ның 6 тіліне аударылуы да үлкен олжа.

Түрлі пікір айтылса да, керектігі шүбә келтірмейтін «Томирис», «Балуан Шолақ» та Рухани жаңғыру аясында түсірілген. Сол себепті мамандар алысты көздейтін, жемісін жылдар салып беретін бағдарлама деседі. Ол бір жағынан тұлғалық даму, екінші жағынан ұлттық тұтастық және азаматтық қоғам қалыптастыруға ықпалын тигізетін бірегей жоба.

Автор: Даулетханова Азиза

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар