ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Білім және ғылым министрі COVID-19 тест тапсырып, нәтижесі теріс шықты. Асхат Қанатұлы бекітілген ережелерге сәйкес, оқшауланып, бейнеконференция арқылы қашықтан жұмыс істейтін болады", делінген министрлік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевта коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс шықты. Әкім қазіргі уақытта оқшауланып, бейнеконференция режимінде жұмысын жалғастыратын болады.
Еске сала кетейік, 12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, қасында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Аймағамбетов және Сапарбаев еріп жүрген болатын.
Айта кетейік, 14 маусымда Е. Біртанов коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын.
Пікір қалдыру