ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Білім және ғылым министрі COVID-19 тест тапсырып, нәтижесі теріс шықты. Асхат Қанатұлы бекітілген ережелерге сәйкес, оқшауланып, бейнеконференция арқылы қашықтан жұмыс істейтін болады" делінген министрлік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевта коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс шықты. Әкім қазіргі уақытта оқшауланып, бейнеконференция режимінде жұмысын жалғастырады.
12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған. Оның қасында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Аймағамбетов және Сапарбаев болған. Ал 14 маусымда Е. Біртанов коронавирус жұқтырғанын хабарлаған.
Пікір қалдыру