Коронавирус инфекциясынан тағы төрт науқас көз жұмды

/image/2020/06/14/crop-65_7_518x691_2116389.jpeg

Қазақстанда коронавирус індетінен 4 науқас қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"Нұр-Сұлтан қаласы - 1941 жылы туған әйел,
Павлодар облысы - 1971 жылы туған әйел адам,
Ақмола облысы - 1977 жылы дүниеге келген ер және 1952 жылы туған әйел адам", делінген хабарламада.

Комиссия марқұмдарды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеді.

Айта кетейік, елде жалпы қауіпті індет жұқтырғандар – 14 496 жетті. Оның ішінде емделіп шыққаны – 9188, ал қайтыс болғандар – 77.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар