Лондондағы Корольдік колледж зерттеушілері коронавирустың симптомдары әртүрлі алты түрін анықтады.
Зерттеушілердің айтуынша шыққан нәтижелер COVID-19 індетін клиникалық тұрғыда емдеу кезінде үлкен маңызға ие. Сондай-ақ нәтижелер дәрігерлерге кімнің өміріне қаншалықты қауіп төніп тұрғанын және олардың аурухана қызметіне мұқтаж екенін анықтауға көмектеседі.
Десе де, тоқтаусыз жөтел, мұрынның иіс сезбеуі негізінде COVID-19 симптомдарының үш негізгі бөлігі бойынша анықталады. Жиналған мәліметтерді алып қарайтын болса, адамдар әртүрлі симптомдарды сезіне алады, оның ішінде бас ауыруы, бұлшықет ауруы, шаршау, диарея, тәбеттің жоғалуы және т.б.
Симптомдардың бір уақытта пайда бола алатынынын және бұл прогрессивті аурудың өршуімен қаншалықты байланысты екенін анықтау үшін зерттеушілер тобы машиналық оқыту алгортимін пайдаланған. Ұлыбритания мен АҚШ-тың коронавирус жұқтырған 1600 қолданушысынан сынама алынып, оларды наурыз-сәуір айында толықтай бақылап, тіркеп отырған.
Талдау қорытындылары аурудың өршуі кезінде пайда болатын коронавирустың алты түрін анықтап берді:
♦ Тұмау секілді дене қызуы жоқ: бас ауруы, иіс сезбеу, бұлшықет ауруы, тамақ ауруы, кеуде тұсының ауруы.
♦ Тұмау секілді дене қызуы бар: бас ауруы, иіс сезбеу, жөтел, тамақ ауруы, дауыстың қарылуы, дене қызуы, тәбеттің жоғалуы.
♦ Асқазан-ішек жолы арқылы: бас ауруы, иіс сезбеу, тәбеттің жоғалуы, диарея, тамақ ауруы, кеуде тұсының ауруы, жөтелдің болмауы.
♦ Бірінші ауыр деңгей шаршау: бас ауруы, иіс сезбеу, жөтел, дене қызуы, дауыстың қарылуы, кеуде тұсының ауруы, шаршау.
♦ Екінші ауыр деңгей, ақыл-естің шатасуы: бас ауруы, иіс сезбеу, тәбеттің жоғалуы, жөтел, дене қызуы, тамақтың ауруы, кеуде тұсының ауруы, шаршау, ақыл-ес шатасуы, бұлшықет ауруы.
♦Үшінші ауыр деңгей, құрсақ пен тыныс алу: бас ауруы, иіс сезбеу, тәбеттің жоғалуы, жөтел, дене қызуы, тамақтың ауруы, кеуде тұсының ауруы, шаршау, ақыл-ес шатасуы, бұлшықет ауруы, дем жетпеу, диарея, іш ауруы.
Артынша ғалымдар жекелеген симтомдарды бастан кешірушілер желдеткіш пен қосымша оттегіге мұқтаж болатынын зерттеді. Бұл науқастың қай бөлімге жататынын тез анықтауға көмектеседі.
– Бұл нәтижелер науқастарға мониторинг жасап, үздіксіз бақылауға алып отыру үшін үлкен септігін тигізеді. Біздің болжамды нақты ету үшін уақыт ағымы бойынша симптомдардың өзгеріске ұшырауы маңызды. Ол бізге әр науқастың ауру тарихын білуге көмек береді, сол арқылы науқастар да жақсы ем шараларын қабылдайды, – деді дәрігер Клэр Стивс.
Зерттеу тәуелсіз зерттеушілер тарапынан әлі мақұлданған жоқ.
Пікір қалдыру