Пандемия кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Қамшы тілшісі бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ресми сайтындағы пайдалы жаттығуларға қатысты апқараттарды қазақ тіліне аударып ұсынған. Енді ДДСҰ-ның дұрыс тамақтануға арналған нұсқауын беріп отырмыз.
Ал, COVID-19 туралы "көп су ішу коронавирусты емдеуге көмктесе ме?", алкоголь COVID-19-ды емдей ме?" деген сияқты сауалдар үшін "коронавирус сұрақ-жауаптарын" оқуға кеңес береміз.
Коронавирус пандемиясы кездінде ересектерге арналған тамақтану бойынша кеңестер:
Дұрыс тамақтану өте маңызды. Жақсы балансты диетасы бар адамдардың денсаулығы мықты әрі иммундық жүйелері күшті болады. Оған қоса, олардың созылмалы аурулар мен жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі төмендейді.
Денеңізге қажет дәрумендер, минералдар, диеталық талшықтар, ақуыз және антиоксиданттарды алу үшін күн сайын әр түрлі жаңа (свежий) және өңделмеген тағамдарды жеу керек. Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Артық салмақ, семіздік, жүрек аурулары, инсульт, қант диабеті және қатерлі ісік түрлерінің пайда болу қаупін едәуір төмендету үшін қант, май және тұздан аулақ болыңыз.
Күн сайын жаңа және өңделмеген тағамдарды жеңіз
Жемістерді, көкөністерді, бұршақты дақылдарды (мысалы, жасымық, бұршақ), жаңғақтарды және дәнді дақылдарды (мысалы, өңделмеген жүгері, тары, сұлы, бидай, қоңыр күріш немесе крахмалды түйнектер немесе картоп, ямь, таро немесе касса сияқты тамырлар) және жануарлардан алынатын тағамдарды жеңіз (мысалы, ет, балық, жұмыртқа және сүт).
Күн сайын, тұтынуға: 2 кесе жеміс (4 порция), 2,5 кесе көкөніс (5 порция), 180г дән, 160г ет пен бұршақ (қызыл етті аптасына 1–2 рет тұтынуға болады, құс еті аптасына 2-3 рет).
Тағамдар үшін шикі көкөністер мен жаc жемістерді таңдаңыз. Қант, май немесе тұзы көп тағамдардан барынша тиылған жөн.
Көкөністер мен жемістерді асыра пісіріп жібермеңіз, себебі бұл маңызды дәрумендерді жоғалтуы мүмкін.
Консервіленген немесе кептірілген көкөністер мен жемістерді пайдаланған кезде тұз бен қантсыз сорттарды таңдаңыз.
Күн сайын жеткілікті мөлшерде су ішіңіз
Су өмір үшін қажет. Ол қандағы қоректік заттар мен қосылыстарды тасымалдайды, сіздің дене температураңызды реттейді, қалдықтардан арылтады, буындарды майлағыш және жастықшалармен қамтамасыз етеді.
Күніне 8-10 кесе су ішіңіз.
Су - бұл ең жақсы таңдау, бірақ сонымен бірге құрамында су бар басқа сусындарды, жемістер мен көкөністерді, мысалы, лимон шырыны (суда сұйылтылған және тәттілігін жоғалтқан), шай және кофе ішуге болады. Бірақ кофеинді көп ішпеңіз және тәтті жеміс шырындарын, сироптарды, жеміс шырынын концентраттарынан аулақ болыңыз, өйткені олардың құрамында қант бар.
Орташа мөлшердегі майлы тағам тұтыныңыз
Қаныққан майларды (мысалы, майлы ет, май, кокос майы, кілегей, ірімшік) емес, қанықпаған майларды (мысалы, балық, авокадо, жаңғақтар, зәйтүн майы, соя, рапс, күнбағыс және жүгері майларынан) қолданыңыз.
Майы аз ақ ет (мысалы, құс еті) пен балықты таңдаңыз( себебі оларда қызыл еттен гөрі майы аз).
Өңделген еттерден аулақ болыңыз, өйткені олардың құрамында май мен тұз көп.
Мүмкіндігінше, сүт және сүт өнімдерінің майлы құрамы төмен нұсқаларын таңдаңыз.
Өнеркәсіпте өндірілетін транс майлардан аулақ болыңыз. Бұл көбінесе өңделген тамақ, фастфуд, жеңіл тағамдар, қуырылған тағам, мұздатылған пицца, бәліштер, печенье, маргариндер мен спрэдтерде кездеседі.
Тұз бен қантты аз қолданыңыз
Тағам дайындау дайындау кезінде тұз бен жоғары натрий қоспаларын (мысалы, соя соусы мен балық тұздығы) шектеңіз.
Күнделікті тұзды қабылдау мөлшерін 5 г-дан аз (шамамен 1 шай қасық) шектеңіз және йодталған тұзды қолданыңыз.
Тұз бен қант көп болатын тағамдардан (мысалы, жеңіл тағамдардан) аулақ болыңыз.
Газдалған сусындардан және қант мөлшері жоғары басқа сусындардан (мысалы, жеміс шырындары, жеміс шырыны концентраттары мен сироптар, хош иісті сүт пен йогурт сусындары) шектеліңіз.
Печенье, торт және шоколад сияқты тәтті тағамдардың орнына жаңа піскен жемістерді таңдаңыз.
Сыртта тамақтанудан аулақ болыңыз
Басқа адамдармен қарым-қатынас жылдамдығын азайту және COVID-19 әсеріне ұшырау мүмкіндігін азайту үшін үйде тамақтанған дұрыс. Өзіңіз бен жөтелген немесе түшкірген адам арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтауды ұсынамыз. Мейрамханалар мен кафелер сияқты әлеуметтік орындарда бұл (1 метр қашықтықты сақтау) көбінде мүмкін болмайды. Вирус жұқтырған адамдардың нифекциялы тамшы түйіршіктері басқалардың бетіне және қолына жұғуы мүмкін (мысалы, тұтынушылар мен қызметкерлердің), көптеген адамдар келіп-кетіп жатқандықтан, олардың қолдарын үнемі жуып жатқанын, беттерін уағында тазартып, залалсыздандырылып жатқандығына ешкім кепілдік бере алмайды.
Кеңес беру және психоәлеуметтік қолдау
Дұрыс тамақтану денсаулық пен иммунитетті жақсартады, бірақ олар сиқырлы таяқ емес. Созылмалы аурумен ауыратын адамдардың COVID-19 жұқтырғанына күмән туса, немесе расталса, олардың денсаулығын сақтау үшін психикалық денсаулығына және диетасына қолдау қажет болуы мүмкін. Ол үшін тиісті түрде дайындалған денсаулық сақтау мамандарынан кеңес және психоәлеуметтік қолдау сұраған жөн.
Пікір қалдыру